Қазақстан ішінде көлікпен жүру

Қазақстан қалалары арасында немесе қала ішінде қандай көлікпен жүру керек екенін ойластырып жүрсеңіз, төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз. Көлік түрлерінің ерекшеліктері және пайдалы сілтемелер берілген.

Ұшақпен
Қазақстанның облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларының барлығында дерлік әуежай бар. Республикалық сонымен қатар жергілікті әуе тасымалдаушы компаниялар осы қалалар арасында ұшақ қатынастарын қамтамасыз етеді.
Ұшақ билеттерін төменде келтірілген сілтемелерді пайдалану арқылы немесе Қазақстанның туристік агенттіктерінен сатып алуға болады. Жергілікті шағын әуе тасымалдаушы компаниялардың билеттерін негізінен турагенттіктер арқылы ғана сатып алуға болады.

Пойыз арқылы
Қазақстан халқы пойызбен жол жүргенді ұнатады, себелі біріншіден, пойыз билетінің бағасы ұшақ және автобус билеттеріне қарағанда төменірек. Сондай-ақ темір жолдар желісі әуе жолдарына қарағанда көбірек дамыған, яғни әуежайы жоқ кішігірім қалаларға да пойызбен жетуге болады. (http://temirzholy.kz/ru/map/)
Алайда, Қазақстан жері өте кең болғандықтан, бір облыстағы қаладан екінші облысқа пойызбен жету үшін 10-20 сағат не одан да көп уақыт кетуі мүмкін.

Автобуспен
Автобус та қалалар арасында жол жүру үшін кеңінен пайдаланылады, және автобус арқылы Қазақстанның кез келген аумағына жетуге болады. Жергілікті жердегі автобекеттерде автобус маршруттары және билет бағалары жөнінде ақпарат алуға болады.

Автокөлікте
Автомобиль, жол жүру үшін ең тиімді әрі ыңғайлы көлік болып келеді. Өз автомобиліңіз болмаған жағдайда, арнайы қалааралық, ауданаралық таксиге тапсырыс беруге болады, немесе осы сайт арқылы автокөлік жалдауға болады. Бұл үшін сілтеме арқылы өтіп, тапсырыс беру формасын толтыру керек, содан кейін автокөлік жалға беретін сәйкес агенттік Сізбен хабарласады.

Қалалардағы қоғамдық көлік
Қалалардығы негізгі қоғамдық көлік түрлері – автобус және микроавтобустар.Сондай-ақ кейбір қалаларда тролейбустар мен трамвайлар әрекет етеді. Алматы қаласында жақында метро ашылды.

Пайдалы сілтемелер:

Билетке тапсырыс беру
Автокөлік жалдау
Астанадағы қонақ үйлер
Қазақстан туралы қысқаша мәліметтер

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні