Көрнекті орындар


Орал қаласының негізі Урал өзенінің оң жағасында 1613 жылы салынған. Қала негізін қалаған ерікті казактары болды. Олармен осы жерлердің тарихы мен өзгешілігімен өзіне тартатын қала сәулеті байланысты. Тарихи тұрғыдан қала қазір тұрған Михайло-Архангель соборы жерінде пайда болған.
Пікірлер (0) Қарау саны: 29503
Одан әрі оқу


Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысына қарай 20-дан астам шақырым жерде, Түб-Қараған түбегінде орналасқан Шақпақ-Ата мешіті Батыс Қазақстандағы сәулетшіліктің ең көне ескерткіші болып табылады. Мешіт жоспарының пішіні, сондай-ақ басқа да сәулет детальдары ғимараттың IX-X ғасырға жататынын дәлелдейді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 24406
Одан әрі оқу


Ақтау қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне жақын орналасқан Ақмыш бұл әрі әсем табиғат та, әрі соншалықты қызық тарихы да деуге болады. Шағын орман (тоғай), сыңғырлаған бұлақтар, жартас жасалымдарының таң қаларлық пішіндері аясында зерек саяхатшы орта ғасырлар дәуіріне жататын тарихи оқиғалардың іздерін көруі мүмкін.
Пікірлер (0) Қарау саны: 29031
Одан әрі оқу


Аңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам жерде Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешіт Қожа Ахмет Иасауи әулиенің шәкірті сопы Шопан-ата салған. Аңызда Шопан-ата мұнда тәлімгерлерінің асатаяғын тауып алып, сол жерде он бір жер асты камералардан тұратын мешіт тұрғызу шешіміне келді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 21249
Одан әрі оқу


Түб-Қараған түбегіне жақын орналасқан Ащымұрын мүйісі жері қасіретке ұшыраған балықшыларға қол ұшын берген жас жігіт туралы аңызбен байланысты. Содан бері Сұлтан-Апе теңізде апатқа ұшырағандарға ылғида көмек беріп тұрады. Некрополь аймағындағы айналанын бәріне тас төселген, киелі Сұлтан-апе сақтап жүргендіктен, бұл шеңбердің ішіндегі кез келген жолаушы өзін қауіпсіз жағдайда сезеді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 16830
Одан әрі оқу


Маңғышлақ үстіртінің шығыс бөлігінде Ақтау қаласынан 50 шақырымдай жерде солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай Карагие ойпаты (шұңқыры) – теңіз деңгейінен 132 метр төмен белгісімен әлемдегі ең терең шұңқырларының бірі болып саналатын ойпат жайылып жатыр. Кең және терең шатқалдары - саялармен бөлінген құлама мен кертпештері дәлелдейтін қазіргі күндері де тоқталмаған шөгіну мен карсттық процестер нәтижесінде пайда болған ойпат.
Пікірлер (0) Қарау саны: 21975
Одан әрі оқу
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: