«100 жыл бұрынғы Астана: Акмолинск» атты жаяу экскурсия

Рейтинг
10

Астана шынымен жаңадан тұрғызылған қала ма?

Негізі, біздің әдемі қаламыз Астананың негізі 1830 жылы қаланған болатын. Бұл шамамен 200 жылдай тарихы бар қаланың орталығында әлі күнге дейін XIX ғасырда салынған ғимараттарды көруге болады. Әрбір ғимараттың өз тарихы мен олармен байланысты көптеген оқиғалар бар.

Бізбен бірге қала көшелерін кезіп, мүлде басқа Астанамен танысуға шақырамыз. Бұл экскурсия барысында 100 жылдан астам уақыт бұрын салынған түрлі ғимараттарды тамашалап, олар туралы әңгімелер тыңдай аласыз.

Сонымен, Астанадағы ең ескі ғимарат қайсы? Өзіңіз келіп көріңіз.

Экскурсия түрі: Жаяу экскурсия
Ұзақтығы: 2-2,5 сағат
Өткізілетін күндері: сұрастыру арқылы білуге болады
Бағасы:

  1 адам 2 адам 3 адам 4 адам 5 адам
Бір топқа арналған баға 15000 тг 20000 тг 30000 тг 31000 тг 31000 тг

Сондай-ақ, туристердің сұранысы бойына жеке дайындалған жаяу экскурсиялар жасауға болады. Бұл жағдайда бағасы жеке түрде талқылануы тиіс. 

Экскурсияға тапсырыс беру үшін осы мәтіннің сол жағындағы "Турға тапсырыс беру" сөзіне басып, берілген форманы толтырыңыз.