Балаларға арналған судағы серуен: Андронов мәдениетіне саяхат

Рейтинг
3.5

Серуен түрі – судағы серуен
Ұзақтығы - 5 күн
Қащықтығы -157 км

Серуен мақсаты: Андронов мәдениеті тұрағын көру.

Серуенге ең сай келетін уақыт – көктем (сәуір,мамыр). Маршруттың басында жағалаулар ормансыз болып келеді.
Перелески поселкесіне жақындай бере Тобыл өзенінің ағысы баяулай бастайды, жағалауларда төмпешіктер пайда бола бастайды – аталмыш ауданның климаты континентальды, аудан тығыз ораналасқан, маршрут бойында Жітіқара қаласы, Лисаков қаласы, Орджоникидзе аудан орталығы кездеседі.
Олардың арасында автомобильді және теміржол бағыттары бар. Көрнекті орындардың арасынан ең қызықтысы Андронов мәдениетінің тұрағы (Тобыл сусақтауындағы аудан). Орджоникдзе поселкесінің алдында тау жыныстары бар (порфериттер, гранитоидтар). Перелески ауданы мен Орджоникидзе поселкесіндегі таулар туристердің қызығушылығын оятары сөзсіз.

Туристік серуенді Қостанай облысы әкімшілігі Білім басқармасы аумақтық қосымша білім бері оқу-әдістемелік орталығы ұсынады.