Жазық даладағы қала, әрқашан менімен бірге - Қостанай қ. бойынша балаларға арналған саяхат

Рейтинг
7

Саяхаттың ұзақтылығы - 1,5 сағат
Саяхат маршруты: Тобыл өзенінің жағасы – Әл-Фараби даңғылы – Майлин көшесі – Таран көшесі – Бородин көшесі – Победа алаңы – Баймагамбетов көшесі – Пушкин көшесі – Абай даңғылы – Быковский көшесі – Маяковсский көшесі – Абай данғылы.

Бұрынғы заман басынан қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласы жазық далада жоғалған қалашықтан қазіргі уақытқа сай өндірістік және көпқабатты үйлерден тұратын қалаға айналды. Балаларға арналған бұл саяхат Қостанай қаласының бір ғасырдан астам тарихын қамтиды, саяхат барысында көне архитектуралық ескерткіштермен, сондай-ақ жаңа, заманауи ғимараттармен, монумент-ескерткіштермен, қала алаңдары мен басқа объектілермен танысуға мүмкіндік туады.  Төменде осы саяхатта қамтылатын көптеген объектілердің негізгілері келтірілген:

Қостанай мешіті
Ғимарат өткен ғасырдың 90 жылдарында мұсылмандар мешіті ретінде құрастырылған. Ғимаратта өткен ғасырда филармония, «Жас көрермен» кинотеатры орналасқан. Қазіргі таңда мешіт орналасады. Толық реконструкция нәтижесінде ғимарат бастапқы тарихи 3 минаретты түріне енді.

Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалды мұражайы
1991 жылы қазақтың белгілі педагогы Ы.Алтынсариннің 150-жыл толуына орай ашылған. Бірінші қабатта Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметтеріне арналған экспозияция орналасқан. Екінші қабатта оның туысы поэтесса М. Хакимжанованың лабороториялық шығармашылығы орналасқан. Мұражайда Алтынсарин оқулары, Алтынсарин сабақтары жүргізіледі.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Архитектурлық бөлік «модерн» стилінде орындалған.
Бұрынғы купец Яушевых пассажы, Халықтық үй. 1919 жылдан бастап ғимаратта мұражай орналасады. Муражайда 8 тематикалық зал, экзотариум орналасқан. Жылжымалы көрмелер де ұйымдастырылады: археологиялық, мәдени және жергілікті халық тұрмысы, шыгармашылық және т.б..

Мамандандырылған сурет мектебі
Ғимарат 4 класстық ерлер училищесі атымен 1913 салынған.
Кейін ғимаратта мектеп, медициналық училище орналасты. Сурет, живопись, скульптура, композиция, шығарма тарихы бөлімдері жұмыс істейді, 500 жуық оқушылар дәріс алады.
Архитектура ескерткіші болып саналады.

Облыстық әкімият
Ғимарат 1975-1976 жылдары салынған (өрт сөндіру каланчасының орнына). Әкімшілік ғимарат екі корпустан тұрады. Ғимаратта І. Өмірзақов атындағы облыстық филармония орналасқан.

Облыстық орыс қуыршақ және драма театры
Бұрынғы жеке «Фурор» кинотеатры. 1922 жылы Қостанайда театр ұйымдастырылған (қазақ және татар тобы).Қайта жөндеу нәтижесінде ғимарат жаңа түрге енді. Ғимараттың фасады классикалық архитектура формасында салынған, интерьер вестибюльі, фойе, көрермен залы қазіргі заманғы интерьермен шешілген. Қуыршақ спектакльін қоюға арнайы жеке көрермен залы көркемделінген.

Теміржол вокзалы
1974 жылы Мәскеу архитекторы Батыревтың проектісімен, суретші Гардеевтың безендіруімен салынған, вокзалдың алаңы 1914 жылы салынған ескі вокзалдан 11 есе үлкен. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл толуына орай жасалған жаңадан қалыпқа келтіруде ғимаратқа қазіргі заманғы европалық түр берілген, жолаушыларға қызмет көрсету орталығының сапасы күшейтілген.

І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Театр «Юность» МҮ қайта өңдеу барысында Қазақ драма театры ашылды. 14 қыркүйек 2000 жылы бірінші «Абылай-хан» премьерасы өтті. Көрермен залы 362 орынға есептелген