Ұлы Жібек Жолы бойымен

Рейтинг
7.48

Отырар - Ұлы Жібек Жолындағы ірі сауда және мәдени орталықтардың бірі бола тұрып, Шыңғысханның жойқын күшіне қарсы күресте ерекше роль ойнаған. Бұл жерде атақты ғалым - энциклопедист Әл-Фараби дүниеге келген. Қалада, Александрия кітапханасынан кем түспейтін, ең атақты кітапхана болған. Туған өлкенің жаңа деректерін алу мақсатында нақ осы жерде 40 жылдам астам уақыт қазба жұмыстары жүргізілуде. Отырар қалашығының маңында, ХІІ ғ. өмір сүрген ислам дінін насихаттаушы Х.А. Яссауидің оқытушысы мен жетекшісі Арыстан Бабаның (ХІV ғ. ескерткіші) кесенесі орналасқан. Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің тарихында айтарлықтай маңызды рөл атқарды. Бұл жер қазақ хандарының тұрақты орны және үлкен діни орталық орналасты. Қаланың ең басты көз тартарлық ескеркіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бұл Әмір Темір ХІV ғасырда салдырған, ортағасырлық архитектура ескерткіші. Жылда мыңдаған адамдар осы Яссауи кесенесін көру үшін барады.