Тараз қаласымен танысу БАҒДАРЛАМАСЫ

Рейтинг
5.62

Сіздер ежелгі сәулет өнерінің бірегей архитектуралық ескерткіштерін тамашалайсыздар:

Қарахан кесенесі – көне Тараз қаласының данышпандық шығармасы болып табылатын, ғажайып архитектуралық ескерткіш. Аталмыш ғимаратты әшекейлеу үшін, құрылыс барысында пішіні 30 түрлі кірпіш түрі пайдаланылған.
Қарахан кесенесінің жанында Дәуітбек кесенесі және қайта қалпына келтірілген, VІІІ-ІХ ғасырлардың мешіті орналасқан. Мешітке қарама-қарсы тұста қазба жұмыстары жалғасуда.
Экскурсия барысында, 11-12 ғасырлардың сәнді құрылысы болып табылатын, таңғаларлық Қали-Юнус моншасын көруге болады, мұнда Ұлы Жібек Жолындағы қалалардың мұражай жәдігерлері қойылған.
«Тектұрмас» бірегей ғимараты, Талас өзені бойындағы төбе басында орын тепкен.

11-12 ғасырларда соғылған, махаббат пен адалдықтың ескерткіші – «Айша бибі» кесенесі. Кесене Қазақстан мен Орта Азияда, толықтай терракот тақтайшыларымен әрленген жалғыз ескерткіш болып табылады.
Бабаджы қатын кесенесі - өзінің 16 жақты күмбезімен әйгілі.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – Қазақстандағы ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай аумағында, VІ-Х ғасырлардан қалған, Қазақстандағы жалғыз, бірегей тас мүсіндер коллекциясы орналасқан.
Төлем ақы ішіне кіретін қызметтер:
- қажет жағдайда, қонақ үйге жеткізіп салу
- қонақ үйге орналастыру (таңғы асын қоса)
- экскурсияға қажетті көлік қызметі
- экскурсия жүргізуші қызметі
- мұражайға, экскурсиясы ішіне кіретін, кіру билеттері
- фирманың қызметтері.

Экскурсияның ұзақтығы – 3-4 сағат
Көлікпен жүру созымдылығы – 100 км.
Жаяу жүру созылымдылығы – 2-3 км.