Карлы шыңдардан құмды жолдарға дейін

Рейтинг
5.35

Бұл бағыттың ерекшелігі екі күн ішінде туристер тауда қар лақтырысып ойнаса, таудан түсіп, орманды дала, дала, шөлейт жерлермен өтіп Мойынқұм шөлінде тасбақалардың махаббат кезеңін тамашалайды. Шатқалда туристердің көз алдына таулардың тәкаппар сұлулығы өзінің бай өсімдіктер және жануарлар дүниесінің байлығымен тұра қалады. Шыныдай мөлдір бұлақ сылдыры, таза ауа салқыны, тау көрінісінің сұлулығы демалысты ұмытылмастай етеді.
Жұмбақ құм жолдардың арасында, салқын киіз үйде туристер ұлттық тағамдардың дәмін татып, қымыз, айран және шұбат секілді шипалы сусындармен шөлін қандырады.
Экскурсияның ең шарықтау шегі шөл арқылы түйемен сапар шегу болып табылады.