Бір таудан бір тау артық


Бұл бағыт Тараз қаласының солтүстік батысында 80 км жерде орналасқан. Берікқара шатқалынан басталады. Жайлы автобус сізді шатқалға дейін жеткізіп салады, көз алдыңызда таулардың қайталанбас сұлулығы ашылады.
«Берікқара» шатқалы Қаратау тауларында орналасқан. Онда көптеген тасқа салынған суреттер бар. Ол суреттер арийлердің дүниетанымы туралы түсінік береді. (арийлер осы аймақта б.э.д. 2000 жыл бұрын өмір сүрген жабайы тайпалар). Жартаста билеп жүрген адамдар, аңшылық көшпелі тайпалардың өмірі, діни нанымдар, салт, дәстүрі бейнеленген. «Берікқара» шатқалы өсімдік дүниесі ерекше аймақ, мұнда реликті ясень орманы орналасқан.
Бұл жерде табиғат ана өз балаларын толық қамқорлығына алған. Қайнардың суын ішсеңіз, тамағым ауырады деп қорықпаңыз. Ол шипалы. Шатқалды аралағаннан кейін туристерге жайлы демалыс орны ұсынылады.
Қалғандары «Билікөл» көлінің жағасындағы киіз үйлерге орналасып, балық аулайды.
Пікірлер