Ата-бабалар естелігін құрмет тұтамыз!

Рейтинг
7.62

Қазақстанның туризмді дамыту үшін де, шетелдік саяхатшыларды қабылдау үшін де үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар. Бізде қажеттілердің бәрі де бар – бай тарихи және мәдени мұралар, кейбір аймақтарда – қол тимеген жабайы табиғат, бұның бәрі экологиялық саяхаттар өткізуге қолайлы жағдай туғызады. Солтүстік Қазақстан облысының экотуризмді дамытуға арналған потенциалы жоғары және атап өтуге тұрарлық, оны жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сіздердің назарларыңызға «Ата-бабалар естелігін құрмет тұтамыз» атты бір күндік саяхатымызды ұсынғымыз келеді. Бұл саяхат фирма тарапынан ішкі туризмді дамыту, экологиялық жол жүрулерді жандандыру мақсатында, сонымен қатар біздің облысымыздың тарихи-мәдени мұраларын игеру мақсатында жасалды. Бұл саяхаттың құрамына біздің облыстың ересек тұрғындары мен өсіп келе жатқан жастар, Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының тұрғындары кіре алады. Бұл саяхаттың негізгі жолы Айыртау ауданының маңына кіреді, өйткені аудан саны жағынан туристік объектілерге өте бай. Аса маңызды тарихи-мәдени мұра ретінде 1999 жылы қос батырдың рухы жерленген жерге орнатылған Қарасай мен Ағынтай батырдың Мемориалдық кешенін атауға болады. Орнатылған күмбез Қазақстан халқының бірлігі мен достығының, ынтымақтастығының нышаны болып табылады. 16 метрлік биіктіктегі конус тәрізді күмбезді олардың арасына орналасқан еске алу мешіті біріктіріп тұрады. Жанында – жерленген көп жауынгерлердің моласы. Кезекті қазба жұмыстары кезінде нағыз батырдың қаңқалары табылған болатын, бойы 2 метрге жуық, оның жанында өте ауыр қылыш болды. Мемориалдық кешенді көруге жыл сайын әр елдің түпкір-түпкірінен жүздеген адамдар мен көптеген шетелдік қонақтар келеді. Мұнда еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екі рет болды. Қасиетті де киелі жерлерді көру үшін біз біздің саяхатшылармызға да мүмкіндік береміз. Айыртау ауданы бай тарихи-мәдени мұралармен қатар әсем табиғатымен де белгілі. Біздің саяхатымыз өз жолына атақты екі батырдың жартасын да енгізеді.Саяхатшылар ұлы емен шатқалдары мен қайың ормандары арқылы «Айыртаучик» көлі мен «Екі аға» жартасына бара алады. Жартастың биіктігі 300 метрді құрайды. Жартасқа көтерілу ешқандай арнайы дағдыларды қажет етпейді, кез келген саяхатшының мүмкіндігі мол. Жартастың төбесінде көру алаңы бар, онда көлдер мен жартастарды, «Имантау» мен «Зеренді» демалыс орындарын кеңінен көруге болады, бұл саяхатшыларға туған елінің тамаша суреттерін түсіруге мүмкіндік береді.

Саяхаттың бағдарламасы «Ата-бабалар естелігін құрмет тұтамыз»:

7:00 – Петропавл қ. шығу. Біздің саяхатшыларға жайлы автобус беріледі.

11:00 – таңғы ас. Саумалкөл аудан орталығы аттас өзеннің бойына орналасқан, облыс орталығынан 250 шақырым жерде.

12:00-13:00 – Қарасай мен Ағынтай батырдың Мемориалдық кешеніне бару.

13:30-14:30 – түскі ас. Түйе фермасы, Айыртау селосы.

14:30-15:30 – шұбаттың дәмін тату және түйеге мініп қыдыру.

16:00-19:00 – біздің саяхатымыздың бір үзігі экомаршрут. «Екі аға» жартасына бару. Жолы бойынша саяхат.

19:00-19:30 – кешкі ас. Түйе фермасы, Айыртау селосы.

20:00 – 24:00 – үйге қайту