Тараз - Профсоюз -Турист

Тараз - Профсоюз -Турист Тараз - Профсоюз -Турист

Тараз каласы, Көшек батыр к-ci,3

7(7262) 45 43 35, 7(7262) 43 38 57

2006 жылдан бері туристік нарықта қызмет көрсетіп келе жатқан «Тараз – Профсоюз - Турист» ЖШС-н назарларыңызға ұсынамыз. Туристік фирма үш жылдан бері ішкі туризмді дамыту жолында қызмет етіп келеді.Соңғы 3 жылда фирма сапалы да саналы қызмет көрсете отырып халық арасында үлкен сенімге ие болды.
Сіз толық демалғыңыз, жаңа әрі қызықты заттарды білгіңіз, жағымды әсерлер мен сергектікпен күштің қуатын алғыңыз келеді. Сізге алыс жерге бару міндетті емес. Өте әдемі, әрі көркем жерлер Қазақстанда да бар.
Біз келесі қызмет көрсету түрлерін ұсынамыз:
1. Саяхаттар:
• «Астана – үшінші мыңжылдық қаласы» атты саяхат барысында Сіз қаланы, оның тарихы, мәдениеті, даму перспективалары туралы көп мәлімет аласыз. Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген Астанамыздың тарихы бай. Әр жылдары оның атауы өзгеріп отырды: ол Акмолинск, Целиноград, Астана деп аталды. Әр кезең қала сәулетіне өз ізін қалдырып отырды және қала атауының өзгеруі де белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты. Саяхат ауқымды, атобуспен, уақыты 3 тәулік.
• «Бүгінгі Ежелгі Тараз» - қала ішіндегі автобуспен шолу саяхатының бағыты келесі тарихи орындарды қамтиды: облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Айша Бибі және Бабаджа Хатун, Қарахан және Дәуітбек кесенелері, Қали Жүніс моншасы, Тектұрмас кесенесі. Ежелгі сәулетшілердің мәңгілік өшпес туындылары мен археологиялық қазбаларға бай Ежелгі Тараз сұлулығы қала қонақтарын бей–жай қалдырмасы анық.
• «Ежелгі қалашық Ақыртас» – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында ораласқан. Ақыртас қалашығының пайда болуы туралы көптеген аңыздар айтылған, алайда бір қатар қазақстандық және шетелдік археолог-ғалымдары осы ғимараттың пайда болуы туралы өз пікірлерін айтуда. Көптеген білгірлердің ойынша Ақыртас қалашығында Бермуд үштоғанының үшінші нүктесі орналасқан;
• Оңтүстік Қазақстан облысы көптеген тарихи ескерткіштерге бай өлке. Мұндағы Арыстан Баб және Қожа Ахмет Яссауи кесененелерінің іргетасына тәубе ету мүмкіндігі «Оңтүстік Қазақстан інжуі» туристік бағдарламасында қарастырылған.
2. Демалыс және шипажайлық емделу:
• «Меркі», «Ақниет», «Манкент», «Т.Рыскұлов», «Сары – Ағаш», «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Көктем» атындағы санаторийлері;
• «ГРЭС» профилакториі;
Бұдан басқа «Тараз – Профсоюз – Турист» ЖШС шетелдерге саяхаттар ұсынады:
- Туркия, Қытай, Израиль, Таиланд және басқа елдер. Келушілер біліктілікпен қабылданып құжаттар толық рәсімделеді (сақтандыру, ұшу, отелдерді бекіту, визалар ашу).
- Ыстық – көлде демалудың толық қызмет түрлерін қамтиды (Қырғыз Республикасы).
Туристерге қызмет көрсету мақсатында қолданылатын қолайлы жабдықталған автобустар бар.
 

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.