Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi

Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында барлығы 9,6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ Шоқан Уәлиханов, Ақан серi, Орынбай Бертұлы — ұлы перзенттерiн дүниге әкелдi, оны 17 ғасырда шапқыншылардан Есiм ханның бастауымен шапырашты руынан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар қорғаған. Олардың екеуi де Құлшынбай — төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеден (1999 жылы кесенесiмен мемориалдық кешен салынған) бүгiннiң өзiнде күш, сүйiспеншiлiк және үмiт беретiн көкше таулармен, ертегiдей көлдермен көмкерiлген Айыртау даласының бұзылмаған сұлу келбетi ашылады. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi — мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар. Кезектi қазба жұмыстарында бойы 2 метрдей болған нағыз батырдың мүрдесi табылған, оның жанында ауыр семсер жатқан. Мемориалдық кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды.

 

Қажылыққа келушiлер мен туристер үшiн кесененiң жанында мейманхана салынуда. Қарасай батыр есiмi ауыл атына берiлген. Егiн жинау науқанында аудан егiншiлерi арасында «Қарасай» мен «Ағынтай» жүлделерi тағайындалған. Кесенеге жас отау иелерi келедi, осы жерден әскерге, оқуға шығарып салады. Атақты жерлестер атындағы спорттық турнирлер, бәйгелер өткiзiлiп тұрады.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу