28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қаланың қақ жүрегінде орналасқан. Саябақ Даңқ мемориалымен, Жадтар саябауымен және Мәңгі алауымен танымал. Ұлы ерлiк және даңқтың мемориалы, кеңес халқы жеңiсiне 30 жыл толу мерейі қарсаңына, 1975 жылдың 8 мамырында, ҰОС-да отанымыздың тәуелсіздігін, бостандығын, абыройын қорғағандарға арнап құрылған. Мемориал бiр-бiрін толықтыратын үш композициялардан тұрады. Бірінші бөлігі - ант горельефі – Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнатуға күшін салған балғын күрескерлерге арналған. Триптихтың орталық бөлігі – «Ерлік» - 1941 жылдың қараша айында Мәскеу маңында Кеңес халқының батырлық ерлігінің интернационалды мінезін сипаттайтын орыс, қазақ, украин панфиловшылар-қаһармандарының мүсінін көрсетеді. Үшінші бөлігі – мемориалға оптимистік келбет беретін «Даңқтың дауылпаздар» композициясы, ол салтанатты өмірдің мүсінін бейнелейді. Жад саябауын бойлай 1941 жылдың қысында, Мәскеу қаласы үшін неміс танкттерімен теңсіз күрескен 316 атқыш девизиясы 1075 полкінің 28 жауынгерлердің аттары кескінделген ескерткіштер орнатылған.
Пікірлер