Ортағасырлық мешіт

Ортағасырлық мешіт, ІХ-ХІІІ ғғ.Тараз қаласының орталығындағы ежелгі Тараз рабады аталатын аумақта, көне қаланың ежелгі мазары орналасқан жерді археологиялық зерттеу кезінде табылды (2006-2007жж.). Ежелгі жазба деректер мен ғылыми болжамдар негізінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде аталған мешіттің ерте ислам дәуіріне жататындығы анықталды. Қалыңдығы 1 метрден асатын қабырға қаланымдары 25х45см, биіктігі 15 см шикі кірпіштермен өрілген. Құбыла жаққа қараған қабырғаға михраб орналастырылған. Құрылыстың жалпы аумағы 20х20 метр көлемді құрайды. Ауласы жалпақ тастармен шегенделген. Мешіттің ішінде отыруға арналған көтермелер мен төбені ұстап тұрған 4 тіреуіш орнатылған жалпақ тастар жақсы сақталған. Барлық табылған материалдар негізіндегі тұжырым – мешіт құрылысының күйдірілген терракот қыш дайындау әдісінің Тараз жеріне әлі жете қоймаған тұсында салынғандығы

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу