Жайсан әулиелігі

Жайсан әулиелігі – түркілер діни мемориалдар кешені Жер-Су тәңірі символы - Су ұғымынан шыққан Шу өзенінің аңғарында орналасқан. Табыну мен салт жоралар жерлерінде салттық қоршаудағы пір тұтынған адамдар тас мүсіндері орналасқан. Аңға шығу көріністері мен төлдерімен бірге салынған жануарлар бейнеленген көптеген жартасқа салынған суреттер, ондағы тайпалары өкілдерінің рулық белгілері бірыңғай түркілер кешендерінің табынушылық ескеркіштерін құрайды.
Жайсан кешені – аруақтарды еске алу орны, соның ішінде обалар мен мінажаттық-ғибадатханасы, бас киімді тас мүсіндері, бас киімінде мүйізге ұқсас үш шошақ бейнеленген. Жайсан әулиелігіндегі қоршаулардан ұшы темірден жасалған садақ оқтары табылған. Әйел мен садақ оғының ұштары идеологиялық символының бірі болған.
Жайсан әулиелігінің шығыс жағындағы қоршауларда орналастырылған, әсіресе ер адамдар бейнеленген мүсіндер ата-бабаларға табыну және дәріптеу үшін арналған. Ертедегі араб дереккөздерінде түркілер салтында пұт алдында ант су ішіп келісім-шартты бекіткен деседі, ал ертедегі орыс жазбасында «түркілер өз нанымдары бойынша ант ішкен» («серт беру» ұғымын береді) – деп хабарлайды. Қазақ лексикасында қазіргі кезде де «ант ішу» ұғымы сақталған.
Ерте заман шеберлері ата-балаларын көрікті және батыр тұлға етіп бейнелеген: жалпақ қасты, үлкен көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, құлағында сырғасы бар. Түркілер салтының мәдениетінде сырға тағу ер азаматтың ер мінезді, батыр екендігін білдірген. Тіпті лайықты ер адам асыл тастардан жасалған алқа таққан.
Барлық кеңістіктердегі түркілер әлемінің киелі жерлері ұлы ата-бабалар образы, тасқа ойып жазылған жазбалар мен суреттер, таңбалар сияқты әулиелік символдарымен белгіленген.
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу