Меркі – ежелгі әулие жер, түркі хандарының жазғы тұрақтары, табиғи және тарихи мұралық ескерткіш және – туристер үшін жұмбақ

Қырғыз Алатау бөктерінде орналасқан Меркі қыстағы алғаш рет ІХ-Х ғасырларда араб географтарының шығармаларында айтылған. Ол кездері бекеніс пен қамалы бар орташа көлемді қала «Мирки» аталған екен. Қазіргі заман ғылымдарының айтуынша ҮІІ ғасырда пайда болған қала парсы тілінен аударғанда «орталық» ұғымын береді. Оба – жерлеуі, салттық ғибадатханасы және ата-бабалар мүсіндері меркі ландшафтарының көрікті таулы жерлерінде орналасқан.
Ежелгі ескерткішті әулие жер мәдени өзгешілігі бар көптеген обалар, тас дуалы мен тас мүсіндері 250 шаршы километр алқабын алып жатыр.
Қазіргі кезде меркі тауларының барлық жерлерінде стелаларды кездестіруге болады, олардың жалпы саны 80-ге жуық. Олар топырақ пен тастан үйілген обалардың ортасы немесе, шегінен тысқары жалғыздан немесе, топталып орналасқан. Мұнда түркі тарихының барлық кезеңің көз алдыңызға келтіреді.
Сондай-ақ, Меркі таулары шатқалдарындағы жартасқа жазылған жазулар, петроглифтер мен тас мүсіндері де сақталуда. Олардың көпшілігінде әйел адамның кел беті бейнеленген. Түркілер өнерінде сирек кездесетін жайт.
Обада орналасқан ер және әйел мүсіндерінің қолында кіндік тұсында ыдысты ұстап тұрғаны бейнеленген. Олар құдыреті күшті тәңірге -Тенгри, Жер-су, Ұмай (әйел құдайы, үй ошағының қамқоршысы) түркі пантеона құдайына және құдай деп танылған ата-бабаларға табыну салт жорасын өткізу үшін арналған. Кейбір зерттеушілер әйел мүсінін бейнелеу отбасы қамқоршысына айналған нақты бір қайтыс болған әйел адамды мүсіндеген деп санайды.
«Айығу жері» деп меркі әулие жерін атайды. Мұнда ежелгі кезден-ақ сырқаттан сауығу және құрсақ көтеру үшін тағзым еткен. Адамдар су қойнаулары мен әулие жермен жанасу үшін келген. Сол себепті бізге әулие жерлерге табыну ежелгі ата-бабаларымыздан салттық дәстүр болып қалыптасқан.
Бұл жерді Жетысу түркілері әр түрлі әлеуметтік жағдайға байланысты табыну, ырым және салт рәсімдерін өткізетін орын етіп жасаған.
Византия қолжазбасында: «Истеми-қаған шетелдік елшілерді көне Тараз қаласында қарсы алған. Содан кейін қаған қонақтарды тауға апарып, арба үстіне өз байлықтарын қойып, шатыр астында қонақ етіп күткен» - деп жазылған. Яғни, сол кезде меркі таулары ежелде хандар жазғы ыссыдан таудың салқын жерін пана етіп, оның шипалы қайнар көзін ем-дом үшін пайдаланып, резиденциясы ретінде қолданған.
Қазіргі кезде мұнда шипалық қасиеті бар радон қайнары бар. Қайнардың басында шыбықтарына шүберектер байланған әулие үйеңгі тал өсіп тұр. Меркі тау бөктерінде радон минералды суымен ем-дом жасайтын «Меркі» шипажайы соғылған («Меркі» шипажайының сайты www. smerke.kz).
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу