Ақтөбе қаласының ескерткіштері

Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Мысалы, қалада Кіші Жүз ханы – Әбілхайыр ханға ескерткіш, қазақ халқының батыры – Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз – Әлия Молдағұловаға ескерткіш, 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш, т.б. бар.

Әбілхайыр хан
Әбілхайыр хан - Кіші Жүз ханы, қолбасшы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші Жүздің ханы болды.

Тама Есет батыр Көкіұлы
Жоңғарлармен шайқастарда Кіші жүз туын көтерген, Аңырақай ұрысында әскербасшысы ретінде біріккен қазақ қолының жеңісіне зор үлес қосқан.

Алия Молдағұлова
Қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия - аты аңызға, ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің, текті қыздардың кіндігін кескен, кір-қоңын жуған өңірдің перзенті. Қарақыпшақ Қобыландының, Асанқайғы мен Абат батырдың, Есет батыр мен Әйтекенің, "Әбіқайыр мен Бөкенбайдың, Ботагөз ару мен Исатай-Махамбеттердің, Асау мен Барақтың, Мөңке би мен Әжібай бидің, Арал батырдың рухы сіңген топырақ-құнардан өніп шықты. Бұл қасиетті қазақ жерінің қай тұсында да бар құнар. Рухтың құнары. Әлия ерлігі, Әлия болмысы – ұлт рухының сақталу заңының кезекті көрінісі. Асқақ һәм аяулы көрінісі.

1930 – 1950 жылдардағы репрессия құрбандарына арналған ескерткіш
Ескерткіш 1990 жылы 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар қаражатына орнатылды. Ескерткіш авторлары Б. Елімбаев және В. Тертерян. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Түйетөбе, Ақтөбе – Орск тасжолының 20-шы шақырымы. Ең жақын теміржол стансасы – Ақтөбе қаласында.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу