Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысымен құрылған. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы 90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы. Орман шаруашылығы негізінен қарағайдан, қайың мен көктеректен, үйеңкі, шегіршін, терек тал және бұталардан тұрады. Ұлттық бақтың үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарқаралы алқабы Тар кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр жоталары мен жекелеген Комсомол (1403м), Шаңкөз (1360), Бұғылы (1323), Көктөбе (1254) шыңдарынан және бірқатар биіктігі бойынша маңызды емес жоталардан тұрады.Аудан аумағы үшін су тартылмайтын жылғалардан, терең аңғарлардан, таулы бұлақтардан және көл қазандықтарынан, сондай-ақ ұсақ құмдардан тұруы оның табиғатына тән. Қаралып отырған аумақтың климаты барлық ұсақ таулы алқап шегінде ауа-райының антициклондық түрімен континенттік болуы қыстың қаттылығымен, салқын жазбен, жылдың бұлтты күндері, жиі кездесетін құрғақшылдық, аңызақ желдерінің қайталанатыны тәуліктік және жылдық температурасының едәуір ауытқуына әкеліп соғады. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі жабын тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері, сондай-ақ әдебиет көздерінде олардың 800-дей түрі барлығы қазіргі кезде тіркелген. Бұл маңындағы дала зонасына қарағанда үш есе көп. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5 енгізілген: қарқаралы бөріқарақаты, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы, жіңішке көкнәр, көктемгі жанаргүл, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп. Қарқаралы флорасында және Кент таулы-орман алқабында эндемиялық және бореалдық өсімдіктердің көп екені белгілі. Өсімдіктердің жоғалып, азайып бара жатқан түрлері: Қарқаралы бидайығы, Қарқаралы бөріқарақаты, жіңішке көкнәр, қарқаралы сылдыршөбі...
Қарқаралы МҰТБ аумағында 190 омыртқалы жануарлар: 45 сүт қоректілер, 122 құстар, 6 бауырымен жорғалаушылар, 2 қос мекенділер және 15 балық түрі кездеседі. Омыртқасыз жануарлардың фаунасы нашар дамыған, қазіргі кезде оның құрамы бойынша нақты мәлімет жоқ. Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізіген жануарлар мыналар: архар,елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ, ондатр, күзен және т.б. тұрады. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі , суыр, борсық, ақкіс сілеусін қатар ұшар (тиін) мен қабан жерсіндірген. 1940 жылға дейін ҚМҰТБ аумағында аюлар да кездескен. Ең ірі сүт қоректілерге қабан, марал, сібір елігі, архар,бұғысы жатады, сондай-ақ ұлттық бақ аумағында ең кіші сүт қоректілерде кең тараған, олар: насеком жейтіндер, жарқанаттар және қоян тәріздестері кездеседі. Көбіне құстардың ұшып кететіндері кездеседі және ұя салатындары да бар.Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағында жыл сайын тұрақты зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық бақ құрылған сәттен бастап мұнда ғылыми орталық жұмыс жасайды, өздерінің бақылауы және мемлекеттік инспекторлардың қадағалауы қорытындысынан жылдан жылға алынған мәліметтерді жүйелеп отырады. Көптеген жылдар бойы Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ студенттері мен ғалымдары үшін дала базасы болды және бұл жерде биология мен экология бойынша классикалық жұмыстар, сондай-ақ жыл сайын архелогиялық зерттеулерде жүргізілуде.
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу