Петропавл қаласының ескерткіштері

Петропавл қаласының ескерткіштері де туристерге қызықты болуы мүмкін. Бұлардың ішінде, мысалға, есімдері аңызға айналған Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші, Ауғанстандағы шайқасқа қатысқан жауынгерлердің ерлігіне арналған обелиск, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi және басқалары.

Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткiшi

1999 жылғы 16 маусымда Петропавлда Театр алаңында Погодин ат. орыс драма театры алдында алдын ала құйылған тұғырға қазақ халқының сүйiктi Қарасай мен Ағынтай батырларға ескерткiш орнатылды. Жауынгерлердiң қола мүсiндерi бiр-бiрiмен иық тiресiп тұр, әрқайсысында найза, қолдарына қалқан ұстап тұр.

Жауынгер-ауғанстандықтар ерлiгiне арналған обелиск
Ескерткiш Жамбыл мен Абай көшелерiнiң бұрышында орналасқан. Мыңнан астам солтүстiк қазақстандықтар Ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысты және осы соғыс 46 жерлесiмiздiң өмiрiн қиды. 1999 жылғы жазда ескерткiш белгiсi қойылған болатын, ал 2002 жылы осы жерде Даңқ обелискiсi орнатылды.

Осы жерде жыл сайын 15 ақпанда Ауғаныстаннан кеңес әскерiн шығару күнi ауғанстандық жауынгерлер және олардың туысқандары соғыстан қайтпағандарды еске алу үшiн кездеседi.

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi
Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған.

Мағжан Жұмабаев және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.

Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу