Атырау қаласының ескерткіштері

Атырау қаласының ескерткіштері де қаланың көрнекті орындарына жатады. Олардың ішінде қазақ музыкасының классигі, композитор, күйші Құрманғазы ескерткіші, қыпшақ елінің ұлы, Египет сұлтаны Сұлтан Бейбарыс ескерткіші, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» атағының иегері Хиуаз Доспанова ескерткіші, және басқалары.

Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші
Құрманғазы Сағырбайұлы(1818 ж.ш.(құлпытасында 1806-1879) – 1889 ж.ш.) - күйші, сазгер, асқан дүлділ домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының (күйдің) классигі. Құрманғазы қаршадайынан домбырашылығымен көзге түседі. Оның күйшілік өнердегі алғашқы ұстазы – Ұзақ. Кейін Бөкей Ордасының атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай түседі. Бертін келе домбырашылықты кәсіби өнер тұтты. Ұлы күйшінің бүкіл өмірі әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында өтті. Би-болыстардың өмір бойы қудалауы күрескер сазгерді мойыта алмады. Азатшыл ойдан туған күйлерімен зорлықшыл топқа қарсы тұрды. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» 19 ғасырдың 30-жылдары Қазақстанның батысындағы азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановқа арналған. Күйге іштегі шердіңсазы терең ой тебіреністері әрі ер бастаған елдің қозғалысы арқау болған. Ал «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» т.б. күйлерінде азат өмірді аңсаған халықтың асыл арманы, әділетсіздікке деген ыза-кегі, өшпенділігі, яғни өмір тартысы баяндалады. Мыс., «Адай» күйінде халық күресінің құдірет күшін, ерлігін көрсетсе, «Көбік шашқанда» тасқын атқан теңіздің жойқын күшін суреттей отырып, аллегориялық түрде халық күресінің құдырет-күшін, ерлігін, халық көтерілісінің көрінісін бейнелейді. Бұл күйдің шығуына апатқа ұшыратқан Каспий теңізінің тасқыны себепші болса да, күй сазынан отаршыл озбырлық замандағы әділетсіз өмірден өгейлік көрген халықтың қасірет-зары, күңіренген үні естіледі. Күй қайғылы, мұңды сазда басталып, шарықтау шағында (кульминациясында) ойран-опыр сұрапыл әуенге ұласады. Күйдің трагедиялық жағы басым болғанымен мұнда үлкен серпінді күш те бар. Ол әсіресе күй әуенінің даму, шиеленісу кезеңінде анық байқалады. «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» сияқты күйлері адамның сөйлеу тіліне мейлінше жақын келеді.Құрманғазы шығармаларындағы күрес-тарты, әлеуметтік тақырып оның сезгерлік өнерінің негізгі өзегі болып табылады. Өмір шындығымен үндесіп жататын релистік музыка тілі, бейнелеу тәсілдері, тақырып пен сюжет бірлестігі монументтілік – Құрманғазы шығармаларының басты белгісі. Б.Асафьев пен А.Затаевич көрсеткен қазақтың халық музыкасындағы симфонизм арқауы әсіресе Құрманғазы шығармаларында айқын көрінеді. Оның би ырғағындағы ойнақы, жарқын, шат көңілді танытатын, оптимистік күйлері де («Балбырауын» т.б.) бар. Ел билеуші пысықтардың «ұры», «қарақшы» деген жаласымен сан рет ұсталып, Орал, Орынбор түрмелеріне қамалған Құрманғазы кейбір ауызша деректерге қарағанда, Иркутск түрмесіне де түскен. Еркіндік іздеген халықтың өршіл ойын, аяулы арманын, жеңілмес образын суреттейтін «Сарыарқа», сондай-ақ «Алатау» күйлері осы кезеңде туды.

Дина Нүрпейісова ескерткіші.

Дина Нүрпейісова(1861-31.01.1955,Алматы) халықтың күйші-сазгер,қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері,ҚазКСР-інің халық артисі ). Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған. Дина Нүрпейісова 8-9 жасында домбырашылық өнерді өте жақсы игерді. Оның Ұлы күйші Құрманғазымен 1870 жылығы кездесуі болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарды.

Ол Дина Нүрпейісованың талантына тәнті болып,одан үлкен үміт күтеді,ақыл-кеңес беріп,күйлер үйретеді,оны өзіне шәкірт тұтады.
ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін,стилін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының «мектебінен» өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті.Ол өз жанынан да күй шығара бастайды. Дина Нүрпейісованың тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.1961 жылғы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс Дина Нүрпейісованың шығармашылығына елеулі әсер етті.Осы оқиғаға шығарған «1961 жыл»күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай»күйінің әсері байқалады.
Бұл күйде Дина Нүрпейісова жарқын болашақ,азаттық өмір аңсаған ұстазының асыл арманын одан әрі жалғастыра түскендей болады. Дина Нүрпейісованың сазгерлік шығармашылығының кемелденіп,күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы-кеңестік дәуір.1937ж.ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, 1-жүлдеге ие болса, 1939 жылы Мәскеуде өткен халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтың байқауында 1-орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды.Оның нәзік сазды «Әсем қоңыры», тау өзенің тасқынындай жігерге толы «Тойбастары» қазақтың ұлттық ою-өрнегіндей түр ерекшелігімен, музыкалық үн-бояуымен,терең тебіреністі мазмұнымен қазақ жаңа заман күйлерінің негізін салған үздік туындылар.Сазгер заман шындығын өз шығармашылығында асқақ шабытпен,қуаныш сезіммен жыр етті.Мыс, «Жеңіс», «Ана аманаты», «Сегізінші март», «Сауыншы», «Еңбек Ері» т.б. Құрманғазының, Дәулеткерейдің дәстүрін дамыта келіп Дина Нүрпейісова қазақтың бергі дәуіріндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. Оның шығармашылық өмір жолы туралы жазушы С.Бақбергенов «Қайран шешем »(1963) атты роман жазды. Суретші А.Черкасский 1946 ж. Жабаев пен Дина Нүрпейісованың,ал 1963 ж. Г.Ысмайылова Дина Нүрпейісованың портретін салды. Дина Нүрпейісованың есімімен Атырауда Халық аспаптар өркестрі аталады.

Орналасқан жері- Атырау қаласы Сәтбаев көшесі Дина Нүрпейісова атындағы облыстық музыкалық академиясының алды.
 

Сұлтан Бейбарыс ескерткіші. (1225-1277ж.ж.)

Сұлтан Бейбарыс – Мысыр елінің сұлтаны. Монғолдар оны ұстап алып, құлшылыққа сатты. Дамаск қаласының базарынан әмір Айтегін аль-Бундуктар сатып алып, мамлюктер қатарына қосты...
Ескерткіштің авторы мен мүсіншісі - К.Какимов, архитекторы – К.Жұмабай. Облыс әкімі Тасмағамбетовтің қаулысымен 2000 жылы 1 ақпанда қаланың орталық даңғылына Сұлтан Бейбарыс аты берілді. Атырау қаласындағы халқымыздың даңқты ұлы Сұлтан Бейбарыс ескетркішін ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев сөзі: «...Бейбарыс, Абылай хан, Абылқайыр, Әл-Фараби және басқа да тұлғаларды біз және біздің ұрпағымыз ұмытпауы тиіс. ...Әлем қазақтарды, олардың түп-тамырын және біздің қандай күшті екендігімізді және болатындығымызды білу қажет».

Объектінің аты және датасы: Сұлтан Бейбарыс (1225-1277ж). 2000 ж.
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, Атырау облыстық әкімиятының алдында орналасқан.
Сипаттама: Атырау қаласының орталық даңғылығында Сұлтан Бейбарысқа арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Алматы облысы Куртин ауданынан әкелінген граниттен жасалынған. Биіктігі 7,2 м, ені 3,8 м тұғырда орнатылған. Тұғыр 3 бөліктен тұрады. Астынғы бөліктің өлшемі 2,8х2,4 м, биіктігі 60 см. Ортаңғы бөлік 2,4х1,8 м, биіктігі 1,6 м. Жоғарғы бөлік 2,4х1,8 м, биіктігі 1,4 м. Тастақтаның алып жатқан алаңы 8120 шаршы метр. Ескерткіштің салмағы 120 тонна.Тұғырымен бірге биіктігі 11,8 м. Пирамида және кишз үй түрінде бекітілген тас бейнелер Сұлтанның екі ел – Мысыр мен Қазақстан Елдерінің тұлғасы болып табылатынын білдіреді

Хиуаз Доспанова (1922-2008ж.ж.) 2010ж.
Хиуаз Доспанова Атырау облысы (бұрын Гурьев облысы), Ганюшкино селосында дүниеге келді. 1940 жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, Мәскеулік дәрігерлік институтына түсті. Хиуаз мектеп кезінде ұшқыш куәлігін оқып, аэроклубтың запас мүшесі болды. Бірінші курсын бітіргеннен кейін өз еркімен майданға кетті.

Сипаттама: Хиуаз Доспанова Атырау облысы (бұрын Гурьев облысы), Ганюшкино селосында дүниеге келді. 1940 жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, Мәскеулік дәрігерлік институтына түсті. Хиуаз мектеп кезінде ұшқыш куәлігін оқып, аэроклубтың запас мүшесі болды. Бірінші курсын бітіргеннен кейін өз еркімен майданға кетті.
Сол кезде әйгілі 588-ші түнгі полкінің бомбалаушы құрамасында соғысты. Осы полкінің әйел ұшқыштарының батырлығы үшін, немістер оларды түнгі мыстандар деген ат қойған. Хиуаз өзінің полкілес Наталья Меклина, Раиса Аронова, Александра Хорошилова, Евгения Жигуленко атты әріптестерімен бірге жаудың тылына 300-ден астам жуынгерлік ұшу жасады. Ол қатты жарақаттар алды. Екі аяғы соғылғанға қарамастан, басқа жарақаттары емдегеннен кейін қайта топқа келіп, ұшуларын жалғастырды. Жеңісті ұшқыш батырымыз Берлин үстінен қарсы алды.
Ерлігі үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының 2 дәрежесі, Қызыл Жалау ордендері және көптеген медальдармен марапатталды. Жеңіс күніне 60 жыл кезінде Қазақстан Президентінің Қаулысымен оған «Халық Қаһарманы» атын берді.
Соғыстан кейін Хиуаз Доспанова қоғамдық қызмет, партиялық органдарда жұмыспен айналысты. Аудан комитеті партиясының нұсқаушысынан Қазақстан ОК ЛКЖО-ның секретарьі, одан Алматы қала комитеті партиясының хатшы болу жолын жасады.

Орналасқан жері: Атырау қаласы, Азия бөлігі, орталық көпір қасында.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу