Қарағанды ескерткіштері

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ.

Дегенмен, жыраудың ел аузында сақталған мұралары мен аңыз- әңгімелерге сүйене отырып, кейінгі жылдары кейбір ғалымдар, атап айтқанда Қ. Мұқаметқанов, жырау Орта Азияның көрнекті қаласы- Бұқара маңында туған, аты да осыған байланысты қойылған деген ұйғарым жасайды. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы- халқына, Отанына деген ыстық махаббат. Ол Отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көрген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігі айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырға қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, сөзсіз батыр ретінде суреттейді.

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей –теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. «Абай- бүкіл қазақтар үшін ұлы тұлға, қазақ әдебиетінің негізін салушы, философ, оның өсиет-насихат сөздері күні бүгін де көп қолданылады». Қоладан жасалған ескерткіштің биіктігі 9,9 метр. Ескерткіштің ашылуы бүкіл қазақстандықтар үшін белді оқиға. Ескерткіштің авторы Асқар Нартов. Қарағанды облысында Абайдың атымен аталатын тұрғылықты мекендер, көшелер, кітапханалар, мектептер бар. Сондықтан ескерткіш қаланың орталығында орнатылған. Ескеткіштің ашылу рәсімі 2008 жылдың 9 желтоқсан күні өтті.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу