Қостанай қаласының ескерткіштері

Қостанай қаласындағы көптеген ескрерткіштер мен монументтер, тарихи объектілер туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде аты елге жайылған қазақ төрешісі Қазыбек би ескерткіші, Тың жерлерін игеруге арналған «Покорителям целины» Монументі, Азамат соғысы кезіңдегі оқиғалар куәсі «Красная стена» ескерткіші және тағы басқалары.

 

Қазыбек би ескерткіші (1659 – 1765 жж.)
Қазыбек би – аты елге жайылған қазақ төрешісі. Қазыбек би – аты елге жайылған қазақ төрешісі. Қазақ жүзерінің басқаруда тәртіп болуының мақсатында Тәуке хан Төле биді – ұлы жүздің бас төрешісі, кіші жүздің бас төрешісі – Айтеке би, орта жүздің бас төрешісі етіп – Қазыбек биді тағайындады. Қазыбек би Тәуке, Семеке, Әбілмамбет хандардың ел басқарған уақытында белсенді араласып, ішкі және сыртқы саясатқа жақсы ықпал жасады. Ол – жоңғарларға қарсы босату күресінің ұйымдастырушысының бірі болды. Ол XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай ханды жоңғарлар тұтқынынан босатуға белсене қатысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына қаратып алу үшін оған елшілер арқылы көптеген бағалы сыйлықтар жібереді. Бірақ Қазыбек би ылғида қытай жағына қарсы шығатын. Ол Абылайды Цинь империясымен ешқандай қатынаста болмауына шақырды.
Елде Қазыбек биді «Қаз дауысты Қазыбек» деп те атайды.

Ескерткіш сипаттамасы
2007 жыл – ескерткіштің белгіленген жылы.
Скульптор: Б.Ж. Баталова
Қазыбек би кеуіті – 1 м. 70 см. ұзындығы, қоладан жасалып және ақ мрамормен қапталып, бетон тұғырына орнатылған. Жоғарғы бөлігінде Қазыбек бидің атымен, өмір жылдары жазылған мрамор тақсаты орнатылған.
Тұғырдың қима көлемі – 2 х 2 м.
Тұғыр биіктігі – 1м 80 см.
Ескерткіш биіктігі – 3,5 м.


«Тың игерушілерге» Монументі
Тың жерлерін игеруге арналған архитектуралық монумент. 30-жылдық және тыңайған жерлер құрметіне Комсомол алаңында (Тың игеру алаңы) 1984 жылдың 13 қазаныңда «Покорителям целины» монументі ашылды. Авторлары – мониументің бас скульптор – М.Б. Смирнов және скульптор – А.П. Семенов.

Ескерткіштің барлық элементтері саздан Москвада, содан кейін Минскде жасалды. Белорусь мамандары «пашню», «первую борзу» материалдарын орындаған. Тұқым себуші және Атақ Лента фигурасын Ленинградтағы «Монумент-скульптур» заводында қоладан құйды. Алматыда алып келе жатқан құрылымдар орындалды,ал монтаждық және граниттік жұмыстарды Москва, Костанай және Рудный шеберлері жасады.
Ескерткіш сипаттамасы
1984 жыл - ескерткіштің белгіленген жылы
Орналасқан мекен-жайы: Қостанай қ., Тың иегрушілер алаңы
Монумент үш фигурадан және көлемі трапеция формасындағы ұзын желбіреп тұрға лентадан тұрады. Скульптурлар алғашқы жыртылған жерде жүріп баражатқан жасөспірімдерді – тұқым себушілер, қыздарды – жерге орналастырушылар ретінде бейнелеген. Олардың артында бидай масақтары бейнеленген лента желбіреп тұр. Даңқ лентаның батыс пен шығысында тың игеру эпопиясының барлық кезеңдері: алғашқы жер жыртудан, алғашқы жеңіске, алғашқы науқанға дейін бейнеленген. Тұқым себушілер мен қыздар фигурасы, сонымен қатар Даңқ лентасы қоладан құйылған. Негізгілер гранитты плиткамен қамталған. Алаңда бетонды плиткалар төселген.

«Красная стена - Қызыл қабырға» ескерткіші
«Красная стена» – 1918-19 жылдары қызыләскерлерді, партия және кеңсес қызметкерлері атылған жер. Тарихи-революциялық ескерткіш, Азамат соғысы кезіңдегі оқиғаның куәсі .
«10 сәуір түні колчак жәбірлеушілерінің жазалауы басталды. Тұтқындалған партизандарды, бейбіт азаматтарды, партизандарға көмек көрсеткен күдіктілерді Халықтық үйінің алдында, орыс-қырғыз училища алдында атылды. Адамдарды қой отары секілді айдап, қабырғаға тақап атты. Өлтірілген және атылған партизандардың мүрделері екі жеті бойы зират алаңына тасылды (ол кезде ол Баймағанмбетова көш. зиратқа шейін құрылмаған болатын). Ол кезде жасқақталған қаланың және жақын жерде орналасқан село тұрғындары ұзын, терең зират қазды.

Жылаған дауыстар мен айғайлар алаңда естіліп тұрды, әкелер, аналар, әйелдер өздерінің туғандары мен жақындарын іздеп табатын. Мүрделерді алаңнан алып кетуге рұқсат берілген жоқ, туысқандары мүрделерді жеке жерлеу үшін кейде түнде алып кететін. Екі жетіден кейін, алаңда мүрделердің сасық иісі шықанда ғана өлтірілегн және атылған партизандарды жерлеу аяқталды. Қаланың тұнжырап тұрған тыныштығын күнде туысқандар зиратының басында жылаған әйелдердің дауысы бұзатын».
Ескерткіштің сипаттамасы
1919 жыл – ескеркіштің белгіленген жылы.
Орналасқан мекен-жайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115
Қызыл қабырға – көпес мекенінің орында амбар көрінісі.
Қызыл қабырға кәдімгі сазды кірпіштен қаланған. Қабырғаның жоғарғы жағында оқ іздері көрініп тұр. Мемориалды тақтадағы жазу: «Осы қабырғада 1919 жылдың сәуірінде Колчак жәбірлеушілері Қостанай қаласы мен Қостанай уездінің қызыләскерлер мен қызыл партизандарын, партия және кеңес қызметкерлерін атуды өткізді.».

«Паровоз» ескерткіші
1954 жылы алғашқы тың игерушілерге бірінші эшелонды жеткізген «Паровоз» ескерткіші. Тарих ескерткіші тың игерушілерді игеру және жерді орналастыру кезіндегі жағдайлары туралы куә етеді.

1974 жылдың 28 ақпанында 10 сағат 50 минутта Қостанай станциясына тың игеру және орналастырған жерге ие болу үшін Украинадан комсомал және жастардың алғашқы эшолоны келді. Ол тың игеру эпопиясының мәңгілік ескерткіші болып орнатылған.
Ескерткіш сипаттамасы
1980 ж. – ескерткіштің бекітілген жылы.
Орнатылған мекен-жайы: Қостанай қ. Т/Ж вокзал аумағында.

Паровоз 30 метр ұзындықта рельс жолындағы шығын жолда орнатылған. Щиттағы жазу:
«Тың игеру Қазакстанның өндіріс күшінің дамуына, экономика мен ғылымның өсуіне ұлы демеу берді» (Л.И. Брежнев).

Ұлы Отан соғысында жанын қиғандарға арналған мемориал
Ескерткіштің белгілерген жылы 1975 ж. Орналасқан жері; мекен-жайы: Қостанай қ., Жеңіс саябағы. Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарға арналған мемориал адам бейнесі –жауынгер түріндегі ескерткіш болып келеді, жауынгердің оң қолындағы автомат қару төмен түсіп тұр, ал сол қолында лавр жапырағы бар. Лавр жеңіс және татуласу белгісі, яғни соғыстың аяқталғанын көрсетеді. Жауынгердің жалпы биіктігі – 7м 40 см, ол жоғары сапалы цементтен, мәрмәр үгіндісінен және дюралюминийден жасалған. Мүсіннің артқы жағында қабырға орналасқан (ұзындығы – 18 м, биіктігі – 5 м), және де бұл қабырғада Қостанайдан шыққан жауынгерлердің толық аты-жөні жазылған мәрмәр тақталар орнатылған (528 бағанда 3648 есім жазылған).

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу