Сырдарияның төменгі бөлігіндегі тоғайлы ормандар

Виртуальный тур

Тоғайлы ормандар (тоғайлар) – құрғамайтын өзендердің бойымен созыла өскен өзен жағасынан небәрі бірнеше ондаған метр аумақта орналасқан ұзынша келген ерекше оазистер. Сырдария тоғай өсінділерінің негізгі түрлері жиде нулары, тамариска және тұраңғы, әйгілі азиялық таусыншақ терек кездеседі. Тоғайлардың әр уақытта шөл айналасында экожүйеден ерекшелеп тұратын өзіндік микроклиматы бар. Тағы бір айта кететін жағдай, бұтақтардың және жоғары өскен шөптесіндердің тығыз оралуымен қалыптасқан тоғайлы ландшафтар арқылы әдетте өту өте қиын, бұл жерлерді нағыз джунгли дерсіз. Сырдарияның тоғайлы ормандары суда жүзетін құстардың көптеген түрлерінің ұя салу орны болып табылады, сондай-ақ бұл жерлерде сүтқоректілердің көптеген мөлшері мекен етеді. Ерте уақытта бұл өңірлерде ормандардың ауданының қысқаруына байланысты құрып кеткен тоғайлы жолбарыстың мекен еткенін айта кету қажет. Және де XIX ғасырдың орта шенінде олардың қауымдастығы аса үлкен болды, осы өңірлердегі саяхат туралы есеп берулерде жолақты жыртқыштың аты аталмайтын жағдай өте сирек болатын.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу