Қарағайлы орман

Виртуальный тур

Қостанайдан 45 километр жерде Арақарағай орман шаруашылығының аумағында саңырауқұлақтар мен жидектерге, және жануар әлеміне бай қарағайлы ормандар бар. Алайда бұл жерлерге адамдарды тартатын басты ерекшелігі- емдік қасиетінің болуы. Осы жерде орналасқан аттас шипажайы жергілікті табиғаттың қасиетін пайдаланады – қарағайлы орманның ауасын, минералды суларды және батпақтың көмегімен жүрек-қан тамыр аурулары, асқазан жолдарының және дем алу огандарының ауруларымен қоса көптеген ауруларды емдейді. Кеңестік уақытта бұл жерлерде теңіз суын және жер асты көздерінің суларын зерттеу жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде емдік қасиеттері ғылыммен дәлелденді. Ал осы өңірлерде тұратын халыққа судың емдік қасиеті ежелден-ақ белгілі болған.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу