Ақтолағай үстірті

Виртуальный тур

Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан борлы үстірті бір кездерде теңіз түбі болатын. Сондықтан да, дәл осы жерлерде тасқа айналған ұлулардың, кораллдардың, теңіз кірпілерінің және басқа ондаған миллион жыл бұрын тіршілік еткен теңіз фаунасының өкілдерінің көптеген мөлшерін табуға болады. Ежелгі акулалардың тістері, ихтиозаврлар мен динозаврлардың сүйектері мен тістері, бүгінгі күні табиғатқа беймәлім өсімдіктердің қалдықтары, тасқа айналған ағаштар – бұл сан алуандықты тізбектеп өту мүмкін емес. Бір уақытта мұнда, шындығында, тіршілік тасып, дамып жатқан. Ал қазір, Ақтолағай даласы – адам аяғы баспайтын иесіз көрініс қана, тек шөлді және сортаң топырақты ұшыра соққан жел мен арасынан кей жерлерден өсінді мен күннен қорғайтын көлеңкелі орын табуға болатын таңданарлық тұрпаттағы аққарлы жартастарды байқауға болады. Үнсіздік пен кең байтақтығы Ақтолағайға адам аяғы баспаған соқпақ жолдар мен қызықты оқиға іздеушілердің келуін тоқтатпайды.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу