Ақтөбе қаласының көрнекті орындары

Виртуальный тур

Қала 1869 жылы Ресей империясының оңтүстік-шығыс бағытындағы тыныштығын қорғау мақсатында құрылған көптеген бекіністердің бірі ретінде тұрғызылған. Бекініс екі жақын орналасқан төбелерде құрылған, бұл төбелердің біреуінің шыңында ақ тастан жасалған мұсылман қабірлері болған. Осыдан да «Ақ-төбе» атауы берілген. Он жыл да өтпей империяның шекарасы қашыққа оңтүстікке жылжып, Ақтөбе стратегиялық маңызды бекеттен қарапайым тұрғылықты мекенге айналды, бұл жерлерге Империяның басқа өңірлерінен қоныс аударушылар көшіп келе бастады. Тағы он жылдан кейін 1891 жылы Ақтөбе қала мәртебесіне ие болады. Қаланың ерекше назар аударарлық орындарының бірі – бүгінгі таңда 1967 жылы ашылған Қазақстандағы бірінші планетарий, бұл жерде күннің және айдың тұтылуы, метеорлы жауындар, кометалар мен болидтер сиқты аса қызық аспан құбылыстарын байқауға болады. Мешіт пен сауда- көңіл көтеру онын біріктіре құрылған (өзгеше үйлесімділігін айта кету керек) «Нұрдәулет» кешені де назар аударарлық орын.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу