Алтынемел Ұлттық паркі

Алтынемел Ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабында орналасқан. Парк 1996, осы өңірдің бірегей табиғи кешенін сақтау үшін құрылды.

Әнші құм сиқыры
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.


Бесшатыр қорғаны және қазақ жеріндегі Стоунхендж

Алтынемелдің көрнекті орындарының ішіндегі ең танымалы – Бесшатыр хан қорғандары. Сыртынан қарағанда, биіктігі жиырма метр болатын қарапайым төбелерге ұқсайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі VII-III ғасырларда өмір сүрген сақ көсемдері жерленген.
Қорғандарды бойлай, бетінде жануарлар бейнесі қашалған 45 кесек тас тізіліп тұр. Осы ерекше тастарды алғаш көрген туристер оларды ағылшынның танымал Стоунхенджімен салыстырған еді.

Сонымен қатар, осы жерде белгілі Тамғалы тас – тастарға салынған ежелгі суреттер ескерткіші орналасқан. Бұл суреттер екі мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен біздің заманымызға дейінгі XVI-XIV ғасырларда салынған еді. Негізінен бұл суреттер –Үндістан мәдениеті білгірлерінің арасында танымал буддистік жазбалар мен құдайлар бейнесі. Тамғалы таста VIII-IX ғасырлардан қалған түркі сына жазуы да сақталған. Бұл жазу қыпшақтардан қалған болуы мүмкін.


Қатутау және Ақтау
Қатутау және Ақтау және олардың ерекше көрінісі де Алтынемелдің танымал көрнекті жерлерінің бірі. Қатутауда бұрын болған шағын жанартаулар оған ерекше келбет берген. Бұл тау негізінен атқылап жатып, бірден қатып қалған жанартау лавасы болып келеді. Мыңдаған жылдар өтсе де, ерекше қалыптар, яғни пішіні мен үлкендігі әр түрлі ойықтар, саңылаулар, иірімдер сол күйі сақталып қалған. Бұл пішіндер бірде сөреге ұқсаса, бірде ыдысқа, бірде хан тағына ұқсайды.
Ақтаудың ерекшелігі – қызыл, жасыл, қызғылт, тіпті көгілдір түсті теңіз шөгінділері тас беткейлерді жауып тұрады. Бұл тау бұрын осы жерде болған теңіздің орнында пайда болыпты, ал теңіз тау бетінде өз ізін қалдырған. Археологтар бұл жерден тіпті динозаврдың сүйектерін да тапқан, ал одан кейін тіршілік еткен түрлердің қалдықтарын қазірдің өзінде табу қиын емес.


Алтынемелдің флорасы мен фаунасы
Алтынемел өсімдік пен жануарлардың ерекше түрлеріне бай. Паркте өсімдіктердің 634 түрі өседі, олардың 41 сирек кездесетін, ал 27-уі эндемик өсімдіктер, яғни сол жерде ғана кездесетін өсімдіктер қатарына жатады.
Сондай-ақ бұл жерде алып шегіршін ағашы 700 жылдан астам уақыт бойы өсіп келеді. Оның алыптығы сонша, сегіз адам бірігіп қана оны қапсыра құшақтай алады. Бұл шегіршіннің жанындағы бұлақтан Шыңғысхан жауынгерлері шөлін қандырған деседі.
Бұл жерде қабығы өте қатты ағаш та бар, бұл ағаштан ежелгі адамдар садақтарына жебе дайандаған. Бұл ағашты «тас ағаш» деп те атайды.

Паркте тіршілік ететін жануарлардың ішіндегі 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде ілбісін, жабайы сабаншы, Орта Азиялық өзен кәмшаты, тағы басқалары бар.
Осы жерде тіршілік ететін құстардың қырық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда мекен ететін жорғалаушылардың жартысынан артығы Алтынемел сулардында тіршілік етеді. Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы сазан, жайын, ақтабан, көксерке, ақбалық т.б. балықтарға бай.

 

Алтынемелдегі демалыс
Іле өзенінің құмды жағалауында дем алып, күнге күйіп, жылы суында шомылуға болады. Осы жерде тұрып, өзеннің ар жағынан көрінетін, 100 метрлік қызыл тасты жартас көрінісін тамашалауға болады.
Алтынемелдегі бір көрнекті орыннан екіншісіне барар жолда қымыз бен шұбаттан дәм татуға болады. Не бомаса, біраз аялдап, жылқы немесе түйеге мінуге болады.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу