Шақпақ-Атаның жер астындағы мешіті

Виртуальный тур

Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысына қарай 20-дан астам шақырым жерде, Түб-Қараған түбегінде орналасқан Шақпақ-Ата мешіті Батыс Қазақстандағы сәулетшіліктің ең көне ескерткіші болып табылады. Мешіт жоспарының пішіні, сондай-ақ басқа да сәулет детальдары ғимараттың IX-X ғасырға жататынын дәлелдейді. Мешіт жер жүзінің жақтарына қатаң бағытталған, әк тас жартасында шабылған және төрт камерадан тұрады. Сөйтіп, капителі бар төрт бағанасымен креш-күмбезді шіркеудің (храмның) өзіндік нұсқасы болып табылады. Құрылыстың күмбезі киіз үйдің құрылғысына ұқсайды, ал ортасында доңгелек терезе шабылған. Жер астындағы мешіттің порталды және ішкі қабырғаларында көптеген жазулар, жануарлар суреті мен нышанды белгілер бар.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу