Қарқаралы

Виртуальный тур

Қарқаралы тауларының баурайында жайғасқан Қарқаралы қаласының негізі 1824 жылы салынды және онда оның егде жасын растайтын көптеген материалды дәлелдер сақталған. Оларға Құнанбайдың (ұлы қазақ ақыны Абайдың әкесінің) қайта қалпына келтірілген мешіті, Рязанов саудагердің үйі, XIX ғасырда салынған ағаш үйлер топтамасы. Сол кезде Орталық Қазақстанның ең басты қаласы бола тұра, Қарқаралы көптеген саяхатшылар мен ғалымдардың ұмтылған жері болды. Мұнда тұңғыш қазақ ғалымы және зерттеушісі Шоқан Уәлиханов екі рет, орыс саяхатшысы мен этнографы Григорий Потанин, орыс фольклоршысы Затаевич және басқалары да болды. 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін жалғасқан азамат соғысы кезінде Қарқаралы ұрыс аренасына айналды, және егер де дәл осында Ресейдің бас әскери командиры болып үлгерген ақ гвардияның белгілі генералы Лавр Корниловтың осында болғанын ескерсек, бұл жергілікті тарихтың көңіл аударарлықтай бөлігі болып саналады. 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу