Алаша ханның кесенесі

Виртуальный тур

Алаша хан – бұл тарихи болғанмен аты аңызға айналған тұлға. Шынында мұндай адамның атының тура аудармасы «ала» дегенді білдіріп, өзі қазақ халқының ата тегі болып саналған адамның болған-болмағанын ешкім білмейді. Алаша хан туралы ескертпелер тек аңыздарда ғана емес, басқа да түркі елдердің аңыз-әңгімелерінде де кездеседі. Сондықтан ғалымдар оны Еуразия далаларындағы көшпенділер бірлігі заманының культтік белгісі екендігін айтады, ал кесененің өзі XI – XII ғасырлар кезеңінде қазақ даласын басқарушысының құрметіне тұрғызылған деп санайды. Қаракеңгір өзенінің оң жағасында түрлі-түсті қыштан тұрғызылған кесене күмбез арқалығымен жабылған және алдыңғы қасбетінде мықты пилондары бар күрделі сәулет құрылысына жатады. Сыртқы қабырғалары квадрат, ромб пен үшбұрыш тәрізді қыш қалауымен әшекейленген, ал басты қасбеті күйдірген сары сазбен безендерілген.

 

Пікірлер

17.10.2011, 20:43
Акбота
Алаша хан ордасынын орналаскан жерин накты айтатын адам барма срочно керек еди... немесе сол жайлы малимет болса алдын ала рахмет!!!


Жіберу