Қызыларай тауларындағы Шабанбай-Би ауылы

Виртуальный тур

Қызыларай тауларының ең биік нүктесі – Ақсоран тауының баурайында орналасқан Шабанбай Би ауылы жергілікті қоғамдастықтарына (бірлестіктеріне) негізделген Орталық Қазақстандағы экотуризмның дамып келе жатқан орны болып табылады. Туристерге жергілікті тұрғындардың үйлерінде тұруға, сонымен бірге қарапайым ауыл тұрмысымен танысып, қазақтың бесбармақ, қуырдақ, палау және басқа да ұлттық тағамдарынан дәм татуға теңдессіз тамаша мүмкіндік беріледі. Ауылда тұрмыс заттарын да, әр түрлі сипаттағы сувенирлерін де киіз бұйымдарынан шығаруы дамып келеді. Шабанбай Би ауылынан Қызыларай тау оазисінің әр түрлі туристік нысандарына сейілге шығуға болады. Олар - қола заманы, түрік кезеңі мен жаңа дәуірдің археологиялық ескерткіштеріне жататын Әулие үңгірі мен Тесіктас сияқты қызықты табиғи пайда болған жасалымдар және, әлбетте, Ақсоранның ең биік шыны. Сәті түссе, осы күнге дейін қазақ арасындағы кеңінен тараған (әйгілі, танымал) бәйге немесе көкпар сияқты ат жарысының куәгері болуы мүмкін.

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу