Алтынтөбе кен орны


Қараганды қаласынан шығысқа қарай 120 шақырымдай жерде аширит-диоптаз бірегей тастың кен орны орналасқан. Бұл минералдың тазалығы мен түс тереңдігі соншалықты, өзіне кереметтей ұқсайтын изумруд асыл тасынан тек арнайы маман ғана ажыратуы мүмкін. Аңыз бойынша, кен орнын XVIII ғасырдың екінші жартысында бухара саудагері Ашир ашып, алғашында табысын изумруд деп есептеген. Кейінгі талдаулардың дәлелі бұл тастың изумрудтай қатты емес, тек сыртқы ұқсастығы бар. Ал біраздан кейін неміс минерологы Абраам Готтлиб Вернер екі тастың таң қаларлық қасиеті үшін минералға «мыс изумруд» атауын қойды. Аширит-диоптаз – зергерлік өндеуге іс жүзінде жарамсыз болып табылатын таза коллекциялық тас. Бірақ, бұған қарамастан, жер жүзінде өте сирек кездесетін минерал болғандықтан коллекционерлер үшін үлкен құндылықтар қатарына жатады.
Пікірлер