Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі

 Алғашқы ашылған (1939-1940ж.ж.) музей директоры болған Якупов деген азамат. Музей лайықты жаңа ғимаратқа 1999 жылы көшірілді. Музей ашылған жылы жалпы қорда 242 жәдігер болған, ал 2010 жылға жиналған жәдігер саны 90 мыңнан астам . Алғашқы құрылу кезінде музей 1423 ш.м. көлемін алған.Ал қазіргі музей көлемі 2027 ш.м. құрайды.
Алғаш 300-дей жәдігермен ашылған музей жылдан – жылға аса құнды көненің көзіндей өлкенің минерология, пилеонтология, археология, этнография, флорасы мен фаунасынан мол мағұлмат беретін тарихи деректермен толығып, қазіргі таңда 50 мыңнан астам жәдігер жинақталған. Қандай да болмасын музейдің негізгі құндылығы қор байлығымен анықталады. 
Тарихты білмей өткенді қазіргі жағдайды білу , келешекті болжау қиын деп ұлы данамыз Әбу – Насыр –Әл-Фараби айтып кеткендей, енді бір сәт жәдігерлеріміздің тарихына көз жіберіп, тарихымен танысайық.
Соңғы жылдары музейге қазақтын белгілі өнер шеберлеріне тікелей қатысты жәдігрлер көптеп жинақталды. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының ұстаған қаруы, яғни 1849 жылы жасалған аңшы мылтығын айтуға болады. Оны белгілі күйші, халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың ағасы Қырғи Ахмедияров тапсырған болатын. Күй анасы – Дина Нүрпейісованың өмірінің ақырына дейін тартқан қара домбырасын Құрманғазы атындағы академиялық оркестордың домбырасышы ҚР халық әртісі Тұяқ Шәміліп тапсырады. 
Қазіргі Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетов (мемлекеттік хатшы кезінде) өзінің ресми сапараы барысында музей қорына Египеттен алған екі жағында арабша «Оллаһ Мұхамад Алланың Елшісі» деген жазуы бар алтын монетаны, 16 ғ.басында Каирде жасалынған мамлюктердің пайдаланған күмістелген 2-тапаншаны, Бейбарыс Сұлтан қабірінің басынан алынған тас бөліктерін, фотосуреттерін табыстап музейіміздің қорын тағы мұралармен байытты.
  Батыр баба М.Өтемісұлының 200 жылдық тойы қарсаңында Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптары музейінде сақталған Махамбет домбрасының көшірмесін Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының саз аспаптар жасау шебері Мұса Әділұлы жасап тапсырып, қорымыздағы тағы бір саңлағының мұрасымен толықтырды.
  
Музей ғылыми қызметкерлері облыс көлемінде аудандарға ғылыми – зерттеу, жинақтау бағытында экспедицияға шығып, ел арасында болып, шешіре, тарих жазып, көненің көзіндей сақталған ата-баба мұраларын жинақтап, зерттеп келеді. 
Музей тек ғылыми-зерттеу орталығы ғана емес , мәдени көпшілік, ағарту шараларын ұйымдастыратын бірден – бір тарихи орын. Әр түрлі тақырыптағы кездесу кешері, тарихи-танымдық сабақтар, тақырыптық көрмелер өткізу дәстүрге айналған.


 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу