Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Қорықтың басты мақсаты – табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу. Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан. Оның ауданы 259,9 мың гектарды құрайды, оның 198 мыңы акватории. Жалпы айтқанда қорық аумағы бұл екі үлкен көл: Теңіз және Қорғалжын. Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км. Судың минералдығы 5-6 рет Әлем теңізінен артық. 2000 жылдан бастап «Тірі көлдер» ұйымына кірді. Жазда көл бетінде аққу, қаздар мен үйректер қалқып жүреді. Қорғалжын қорығында мекендейтін және Қызыл Кітапқа енгізілген құстардың 32 түрі бар. Жан-жануарлардың түрі 40-тең. Мұнда жабайы қабандар, ақ бөкендер, борсықтар бар. Қорғалжын қорығы Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Рамсар Конвенциясының «А» тобына кіреді. Жақын арада бұл қорықты Юнеско тізіміне кіргізуге жоспарланып отыр. Қорғалжын қорығына санаулы қалған құстар тізімі кіреді. Олар Қызыл Кітапқа енгізілген. Олардың ең әдемісі – қызғылт фламинго. Латын тілінен аударғанда «Flame» сөзі жалын деген мағынаны білдіреді. Бұл ірі әрі сәнді құс. Фламингоны бақылау өте қызықты нәрсе.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу