Мемлекеттік Ұлттық табиғи "Көкшетау" Саябағы

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы 1996 жылдын сәуірінде Қазақстан Республикасы ұкіметінің қаулысы бойынша құрылған болатын. Оның негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді, Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері енеді. Ұлтық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында 19 ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып тыбылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар. Аталған қоныс негізінде тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылды. Мұндай кешен Қарасай мен Ағынтай батырларға да арналып салынды. Ұлттык саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі саналуан дәуірлер және байлыктар флорасы мен фаунасының өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады. Көне дәурдің қыналары мен папоротниктері қазіргі ағаш және бұталы өсімдіктердің астындағы қабатында жатыр. Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман, сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде. Күз және қыс мезгілдері аңшылар үшін нағыз олжа. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтарын кең дастархандай жаяды. Ал көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды. Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа бал қарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристтер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар.Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ориандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Владимир Кузьмич, попросите профессионального фотографа сделать красивые снимки, кроме вышки у нас есть много красивых видов и достопримечательностей.


Жіберу