Сайрам-су

Біздің аумақтың ең тамаша шатқалдарының бірі – Сайрам-су. 2350 м биіктікте мұздан жасалған көл. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі. Сондық осы туралы аңызда бар. Ерте заманда биік тау бөктерінде адамдар тұрыпты. Осы тайпаның басшысының қызы кішкентай кезінен басқа елдің ханына атастырылады екен. Уақыт өте келе қыз өсіп, бойжете және әдемі, батыл болып өседі екен. Күндердің күнінде бойжеткен сол тайпадағы қойшы жігітке ғашық болып қалады. Екі жас әке – шешелерінен ырзашылығын сұрамақшы болады. Бірақ қыздыңәкесі қатты ашуланады. әкесі қыздан міндетін орындап, ханның жары болуын сұрайды. – Бұл мүмкін емес деп қыз шешім қабылдайды. Түннің бір уақытында жігіт пен бойжеткен өз ауылдарынан қашып кетеді. Қыздың әжесі өз батасын беріп, ашық жасыл жүзік және жылан жүздес білезік сыйға тартады. Сыйлықпен тек қиын жағдайда қолдансын деп бұйырады. Ұзаққа қашып үлгермеген балардың артынан әкесі қуып жетуге сәл қалғанда, қыз ашық-жасыл жүзігін шешіп лақтырған кезде көл пайда болады. Бойжеткен мен жігіт тағыда алыстап қашады, бірақ әкесі тағыда жетіп алады, сонда қашп құтыла алмайтыны білген екі жас шешім қабылдап шексіз дүниеде бірге боламыз деп сө беріп, қыз жылан тәрізді білезігін алдына лақтырады. Мұнда 8 тәріздес, яғни шексіз символы, көл пайда болады. Міне осыдан екі түсті көл пайда болған.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу