Алтын адам

        Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символдардың бірі – Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтын адам ХХ ғасырдың 70 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында табылған болатын.
Есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын, бұл күндері кеңінен танымал сақ қорғаны табылған. Оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (Алтын адам) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. Басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Жерленген адамның қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұратын. Жауынгердің саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған ағаш подностар, күміс пен қоладан жасалған қымбатты құтылар қойылған.
Табылған мола 40-тан астам қорғаннан тұратын және тарихтың көптеген құпияларын сақтаған үлкен мазардың оңтүстік шетіне орналасқан. Антропологтардың анықтамасы бойынша Есік қорғанында жерленген адамның жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырдың аяғында өмір сүрген.
Ашық аспан астындағы «Сақ қорғандары» мұражайында болу – осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ұлы Дала өңірінде құрыла бастаған қазақ мемлекеттігінің бастамасымен танысу.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

22.02.2011, 08:53
Chili
количество изображений маловато........
07.11.2010, 18:51
Санира
аааз... бірақ жақсы түсінік...


Жіберу