Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер дүниесі

     Горчаковскийдің мәліметтері бойынша Баянауыл МҰТП-де 441 жоғары тамырлы өсімдіктер есептелген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет қызметкерлерімен 2005-2008 жж. аралығында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі шеңберінде өткізілетін «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» бағдарламасына сәйкес «БМҰТП тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша экологиялық зерттеулер» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, 475 түр анықталды, түгендеу мәліметтері бойынша жалпы саны 4 бөлімгі, 6 классқа, 72 тұқымдасқа, 260 текке , 485 түрді құрайды. Жаңадан қосылған учаскелерді ескере отырып, тізім 500 түрге дейін өсті, мәліметтер ТОО Ecology Buseness Consulting-2007жүргізген зерттеулерінен берілді. Бұл жерде қазақтың ұсақ шоқысының өсімдіктер дүниесінің үштен бір бөлігі кездеседі. Ең көп таралғаны күрделігүлділер (Asteraceae), астық тұқымдастар (Роасеае), раушангүлділілер (Rosaceae), бұршақтылар (РаЬасеае), ерінгүлдер (Eamiaceae) қалампырлар (Caryophylla¬сеае).
      Тамырлы өсімдіктерден басқа, Баянауыл МҰТП аумағында бореалды мүктердің тұтас кешені бар, бірақ олар аз зерттелген. Мүктер 19 тұқымдастан, 32 түрден тұрады. Парк аумағында орналасқан ірі су қоймаларына (Сабындыкөл, Жасыбай,Торайғыр, Біржанкөл) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік уневирсетінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде БМҰТП суқоймаларында балдырлардың 11 түрі анықталды.
      Баянауыл тауларын дала зонасында, құрғақ көк шұнақ - боз-бетеге дала подзонасында орналасқан. Сондықтан өсімдіктер дүниесінің зоналық түрі дала болып саналады. Тауда олар қызылбетеге, сұлылы, көде және бозды формациялар түріне тау қара топырақта шлейфта тау етектерінде таралған және күрең-қоңыр топрақтарда түрлі деңгейдегі шым тастар кездеседі.
     Баянауыл ұлттық паркінің флорасы күрделі, негізінен солтүстік, бореалды өсімдіктерден құралған. Ондай түрлерге кәдімгі қарағай (pinus sylvestris), орман қырықбуын (Eguisetum silvaticum), өзен қырықбуын, мысық табан туысы, дөңгелек жапырақ алмуртшөп және тағы басқалары.
      Баянауыл орман белдеу зонасының үлесіне 40% тиісті және олар қарағай, қараағаш, қайың, терек және көктерек ағаштарымен жабылған. Негізгі орман түзуші тұқым кәдімгі қарағай (pinus sylvestris) болып табылды, ол барлық орманмен жабылған алқаптың 75% алып жатыр. Орманмен жабылған алқаптың қалған бөлігі қайыңнын (Betula verrucosa) және 15,7% теректің (Populus tremula L) 3%, жабысқақ қанды ағаштың (Alnus glutinosa (L.) Gaerth) 2,3% үлесінде. Барлық ағаш өсімдеріне орманмен жабылған жерлердің 98% және бұталардың 2%жатады: крената тобылғы (Spiraea crenata L.), шайқурай тобылғы (S. hypericifolia L.), тікенді раушан (Rosa acicularis Lindl.), қызыл арша (Juniperus sabina L.).
     Біздің зерттеулер көрсеткендей, Баянауыл паркі аумағында өсетін өсімдіктер түрлерінің көбі шөптесіндіге жатады 434 түр, түрлердің жалпы санынан 89,5% олардыің ішінде бір жылдықтар (15,8%) екіжылдықтар – 25 түр (5,1%) және көпжылдық өсімдіктер – 332 түр (68,4%).
     25 түр (5,1%) бұталардың тіршілікті түрлеріне, ағаштардан 11 түр (2,2%), жартылай бұталы бұташықтарға және бұташықтарға жалпы есеппен 14 (2,9%) жатады, 1 түр (0,2%) лиана болып табылады.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу