Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемі

      Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесін, сүтқоректілердің 48 түрі құрайды, олар 5 отрядқа жатады. Жәндікжегіштер отрядына 5 түр, жыртқыштар отрядына 9 түр, қостұяқтылар отрядына 3 түр жатады. Негізгі түрі Қазақстанның тау қойы - архар.Ол Қазақстанның қызыл кітабына енген. Басқа екі түрі: елік және бұғы өте сирек кездеседі, олар тек қана маусымдық көшіп - қонулар жасайды. Кеміргіштердің 3 түрі, қолқанаттылар көп мөлшерде көрсетілген 23 түрі бар және қоянтектес 4 түр.
      Ландшафтардың біркелкі болуына және өсімдіктер қауымдастығының кедейлігіне, ұлттық парк герпетофаунасын кеңейтуге байланысты 9 түр берілген. Оның ішінде қосмекенділерге 2 түр, бауырмен жорғалаушыларға 7 түр жатады.
      Ұлттық парк фауналық алуантүрлігінің ең көп таралғандары құстар болып табылады. Бұл жерде 10 тұқымдасқа жататын, жалпы саны 67 ұя салатын құстар тіркелді. Ұя салатындар қатарына су қоймалары маңында көбейетін суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар жатпайды. Көктем мен күзгі уақытта кейбір көшіп-қонатын құстар ұлттық парк аумағында демалуға және тамақтануға тоқтайды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми-зерттеу есептері бойынша ұлттық парк аумағында 19 отрядқа, 38 тұқымдасқа жататын құстардың 144 түрі анықталған.
      Ұлттық парк ихтеофаунасы 3 тұқымдасқа, және 3 отрядқа жататын 13 түрден тұрады. Ең көп таралғаны 10 түрге дейін жететін қалынтыр тұқымдастығы болып табылады. Көлдерде эндемиктер жоқ.
     С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің есептік мәліметтері бойынша жәндіктердің 87 түрі (жәндіктер классы), су омыртқасыздарының 10 түрі (қарын аяқты малюскалар классы) жатады. Жәндіктердің 69 түрі жергілікті басты түрге , қарапайым аз және 18 сирек түрге жатады. Бағалау жоспарына сәйкес 9 отряд 37 тұқымдас және 67 текке жәндіктер классы кіреді. Қабыршаққанаттылар тұспа-тұс әртүрлі шөптес таулы-жазықтықтарға, алыс, қарағайлы және қайың ормандарда, биік шөптесін өсімдікті ашық орман жазықтықтарында 70 түрді, 17 тұқымдастықты құрайды. Баянауылдың таулы-орманды алқабының күрделі экожүйесінің құрамын қаттықанаттылар құрайды, жинауға байланысты қоңыздың 30 түрі тіркелген. Әр түрінің құрамына байланысты жартылай қатты қанаттылар 12 түрге 8 тұқымдасқа бөлінеді.
      Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, кластерлі учаскелерінде құстың Қызыл кітапқа енген 12 түрі кездеседі. Ұбақ тек анда – санда парк территориясын мекендейді. Ителгі, Бүркіт, Қарақұс, Дала қыраны, Үкі, Бақалтақ қыран, Қылан қарабас шағалаларды ұя салғанда кездестіруге болады. Қара дегелек, Бұйра бірқазан, Сұңқылдақ аққу, Ақбас тырна, көктемгі – күзгі қоныс аудару кезеңінде кездеседі. Көрсетілген тізімге сай үш түр (ителгі, қарақұс және үлкен шаңқылдақ қыран) сонымен қатар дала құладыны, дала күйкентайы, құрып кету қаупі бар түрге кіріп IUCN және BirdLife Internationalдың екінші тізімдеріне енгізілген. Баянауыл паркінің және «Қызылтау» табиғи қаумалы аумағында кездесетін қызыл кітапқа енген сүтқоректіге архар, жер қазатындар түрінен енген – көптісті жертесер, омыртқасыздар қатарынан жазылған - инеліктер тұқымдасы отрядынан әсемқыз инелігі, әпкіш тұқымдасынан әмірші инелік, қатты қанылар тұқымдасынан ызылдақ қоңыздар торқанатты сұлу ызылдақ кіреді.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

01.04.2011, 14:57
Вера Баранова
классно!


Жіберу