Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің гидрологиясы

     Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының сол түстік –шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Акбет тауларынан, батысында – Аккарағай, Шибет, Огелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып шығатын көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады. Баянаул ұлттық парк территориясында 9 көл бар. Алты көлдің су беті айдыны 1 км2 аз, және үш көл (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр)1 ден 7,4 км2 (кесте 2), барлық көлдердің жалпы қосынды акваториясы 15,3 км және ұлттық парк аумағының 3% алып жатыр. Ұсақ көлдері аласа жерлерде уақытша суайрықтарда және ірі көлдерді жағалай орналасқан. Баянауылдық көлдер тобына керемет беткейлі жағалаулар тән. Көлдердегі су ағынына жауын-шашынды көп алатын көлді қоршаған кеңістіктен көлге қарай беткейлермен су жылдам ағып жарықтар арқылы ішкерілей енетін кристаллды жыныстар көлге тұрақты жер асты ағынсуы түрінде түседі. Сондықтан суы тұщы айтарлықтай терең көлдер қатпайды.
      Сабындыкөл көлі Баянауыл селосында, Ақбет пен Нияз тауларын екіге бөлген орында орналасқан. Су жиналым ауданы жалпы 35,9 км2, су бетінің айдыны 7,4 км2. Көл қазаншұңқыры Баянауыл тауларында орналасқан. Су айрықтың абсолютттік белгілері 50-1022 м шегінде ауытқиды. Суқойманың қазаншығы ретінде ендік тектоникалық жарылыспен жасалған қазаншұңқыр болып табылады. Ағаш өсімдік түрлері су жиналым ауданының 75% алып жатыр, шамамен 4-5%батпаққа айналған. Көл жоспар бойынша қисық алмұрт тәрізді пішінге ие және жағалау сызығы қаттты тілімденген. Оның батыс шегіндегі су беті мен солтүстік-батыс жағалауының уақытша суағының арнасы жағалаудан құрақпен қапталған. (ені 10-200 м). Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалаулары ені 5-10м және кей жерлері ірі жартасты тау беткейлерінен құралып, шығысыстағы обвалды жағалауының биіктіі 5-7 м биіктікке ие және жартасты болп келеді. Максималды амплитудасы су деңгейінен шамамен 2,7м ауытқиды., жылдық сулы жылдар бойынша орта есеппен 0,6м. Көлдің ең терең жері 9,5м, басым тереңдігі 6м. Көлдің суы тұщы, су құрамы гидрокорбонатты натрийлі. Судың температурасы 2,8 ден 19,3 ˚С жетеді.
     Жасыбай көлі Ақбет пен Өгелең шыңдары арасындағы жазық тәрізді терең өткелде орналасқан. Су беті айдыны 3,7 км2, су жиналым көлемі 31,7км2. Орманмен жабылуы 90% . Су қойма қазаны ретінде бөлшектенген беткейлі тауаралық ойыс болады. Көл жоспар бойынша алмұрт пішінді жоспарға ие. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м). Жағалаулары тау беткейлері граниттерден құрылған көбінде тік құзды тауаралық тектоникалық ойысты келеді. көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасы арал орналасқан (100-300м). Жағалауларын көбінде гранитоидтармен қалыптасқан тік және эрозиялық тораппен қатты тілімденген тау беткейлері құрайды. Кей жерлерде биіктігі 2,4м жайпақ жаға орналасқан. Жағалау жағажайы жіңішке келген (10-30м), құмды. Түбі тегіс, құмды әр жерде тас кесектері бар. Максималды тереңдігі 14 м, көп жерінде 9-10м. Көл суы тұщы, амиак іздері табылған.
     Торайғыр көлі Баянауыл тауларының солтүстік жағалауында орналасқан. Су жиналымының жалпы ауданы 2,9км2, ал су бетінің айдыны – 1,9км2. Су жиналымы таулы және шоқылы бөлікке анық бөлініп жатыр; алғашқысы оңтүстікте орналасқан (Баянауыл мемлекеттік ұлтық парк аумағында), екіншісі солтүстікте (парк аумағынан тыс жерде). Таулы суайрық бөлігінде абсолютті белгілер 800-1027м жетеді (Ақбет тауы).
     Су жиналымының таулы, неғұрлым активті бөлігі тік, көбінесе жартасты беткейлі жерлер арралас ормандармен, ал етектерінде өскіндер мен шіліктермен тілімденген. Алқаптың солтүстік шоқылы еніп кеткен бөлігінің тереңдігі 15-50м болатын таяз логтармен бөлшектенген. Ормандар мен бұталар 35% алып жатыр. Су қойманың қазаншығын тектоникалық түзілісті суға толы терең беткейлі ойыс құрайды. Көлдің су беті өсімдіктерден бос. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігнде мөлшері 80х250 және 30х8 м тең болатын екі жартасты арарл орналасқан. Оңтүстік және батыс жағалаулары кристалдық жыныстардан құралған тік және биік. Шығыс және батыс жайпақ жағасының беткейлері (биіктігі 4 м) көп мөлшерлі ұсақталған және кесекті ірі түйірлі құмдардан құралған. Түбі тегіс, қатты құмды-гравийлі орталыққа қарай сәл қисайған. Максималды тереңдігі 11 м, көп жерінде – 6м. Көл суы біраз тұзды, құрамы гидрокарбонатты-хлорлы натрилі.
     Біржанкөл көлі Баянауыл селосынан 24 км де Жаманаула мекеніңен солтүстікке қарай орналасқан. Су жиналым ауданы: жалпы 4,6 км2, көлдің орташа ауданы – 3,9 км. Көлдің суы ағынсыз. Солтүстік батыстан оған ұзындығы 10 км, құяр жерінде ені 510м сайға ие. Көл суының қөректену жер үсті және жер асты суларының үлесінен жүреді. Көлдің қазаншығы дөңгелек пішінге ие және су жиналымының солтүстік бөлігінде орналасқан. Көл 25% өскіндермен жабылған. Су жиналымы беткейлі шатқал ерекшеленеді; шатқалдарының қатысты биіктігі 50-300м. Көлге жақындаған жерінде шатқалдардың биіктігі айтарлықтай төмендеп, беткейлері тегіс келеді. Алап тауаралық жерде, ОШ бағытта созыңқы және ең биігі 478,1-635,9 дан 745,5м жететін Айыртас, Қазқонған, Қойтас таулары мен шоқылар беткейлерімен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде беткейлері тік, каранитоидтардан құралған, батысы мен шығысы тегіс, ірі кесекті құмдардан құралған. Көлге жол барлық жақтарынан бар. Түбі тегіс, орталығына қарай сәл қисықтау. Максималды тереңдігі 4,5-5,0м, басым жерде – 4м. Көлдің суы тұщы.
     Сарықамыс көлі ағынсыз, Жасыбай көлінен батысқа қарай 11,5км жерде Баянауыл тауларының солтүстік-батыс негізінде орналасқан. Ол гранитті Баянауыл массиві мен шоқы эффузияларының байланысына негізделген. Көл ұзындығы 500м, ені 100 ден 250м. Жағалаулары тегіс және балшықты, саздақты, шөгінді әне ұсақ жұмыр тас құрамдас. Жағалаулары кей жерлерде қамыспен жабылған. Көлдің өзінде шөп өсімдігі бай емес. Көлдің тереңдігі 1,5м астам. Судың жалпы минерализациясы 1,1 г/л. Құрамы гидрокарбонатты магнилі-кальций-натрилі PH=7,3. Сарықамыс көлі мен атауы жоқ бірнеше ұсақ көлдер батысқа қарай орналасқан және ендіктік бағыттағы жарыққа негізделген. Көлден оңтүске қарай Баянауыл таулары орналасқан, солтүсктікке қарай шатқалды шоқылармен сипатталады. Шатқалдарының биіктігі 50м жетеді. Көлдерге жақындаған жерінде шатқалдарының биіктігі азайып 2,5м жетеді.
     Құмдыкөл көлі Біржанкөл ауылынан 5км қашықтықта (Баянауыл тауларының солтүстік батыс негізінде) орналасқан. Көлдің ұзындығы 500м шамасында, ені 100-150м ден 400м. Көл шоқыаралық төмендеуге бейімделген. Сужиналымы шатқалды бедермен ерекшеленеді. Шатқалдарының биіктігі солтүстік-батысқа қарай 70м жетеді. Дегенмен көлге жақындай бере шатқал биіктіктері айтарлықтай азаяды. Көлден оңтүстік пен шығысқа қарай шатқал құламасы 30-35 градусқа жетеді. Көлден солтүстікке және солтүстік батысқа қарай шатқал беткейлері айтарлықтай тегістеледі (15-20градус). Көл жағалаулары бойынша шөгінді мен гравий құрамды құмды-сазды сулар таралған. Көл қазаншұңқыры алмұрт тәрізді пішінге ие. Көл тереңдігі 1,5м жетеді. Баянауыл тауларынан солтүстікке қарай ұлттық парк аумағы көлемінде тағы да басқа көл тізбектері бар. Бірақ олар өте ұсақ және жаз мезгілінде толық кеуіп қалады. Көлдердегі мұздың орнауы көбінде қазанның аяғында кейде қарашада бақыланады. Көлдер наурыздың соңында ери бастап, сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында мұздан толық босайды. Қыстың соңында жағажай учаскелеріндегі мұз қалыңдығы 0,9-1,1 м; өсімді жерлерде 0,6-0,7м. Қар қалыңдығы мұз бетінде орта есеппен 5 тен 25 см жетеді. Тереңдігі шамалы болғандықтан су температурасының тік тұздануы көп болмайды. Су температурасы мұз еру кезеңінде 0-ге тең болады. Мұз қабатының қалыптасуынан кейін жазда жиналған жылудың кейбір мөлшерінен көл түбінен бастап жылиды. Қар ерігеннен кейін мұз астындағы беткі су қабатты күн радиациясының мұздан біртіндеп өуінен жылу алады. Қысқы және көктемгі соңғы жылулар нәтижесінде олардың мұздан жалпы босау уақытында 1,5-3,5°С құрайды. Мұздан босаған соң көл температуралары 11-15°С жетеді. Шілде-тамыз айларында 15-23°С.
     Ұлттық парк аумағында 20 шақты бұлақтар мне уақытша су ағындары бар. Ең ірілері: Шетеспе, Кенді, Телеубұлақ (Малдыбұлақ), Рыбный ключ, және Баянауыл тауларының шығыс беткейінде , Жасыбай көлінің батысында орналасқан бірқатар атаусыз бұлақтар.
     Шетеспе өзені (Еспе) Баянауыл тауларының оңтүстік-батыс беткейінде ағын түзеді, Малайка шатқалында жер асты суларының арқасында екі бұлақ түрінде тұзды тартылуға таяу Комбобсор көліне келіп құяды.өзеннің ұзындығы 33 км, сужиналымының ауданы 227 шаршы шақырым. Өзеннің жалпы құлау көрсеткіші 181 шаршы шақырым, орташа қисаю көрсеткіші 5,5%.
     Негізгі салалары: атаусыз, (оң жағасы 27км, ұзындығы 4км); атауы жоқ (оң жағалауда 21км, ұзындығы 6,5км). Суағындарының жалпы ұзындығы алап бойынша 62,2км, өзен торабының шоғыры 0,28км/км2. Жоғары ағысындағы су аңғары 25 км дейін бастауында анық көрінген (ені 0,3-0,5км) және биіктігі 10-20км тік беткейлері бар. Төменгі ағысында өзен өте кең аңғармен ерекшеленеді ені 3-5км болатын түбі тегіс келген. Тегіс беткейлері садақ пен саздауыттан құралған. Су алабы бастауынан бастап 25 км жетеді. Бастауынан әлсіз көрінген, ағыс бойынша төменірек 0,5 тен 0,8 км-ге ұлғаяды және басым жерде тегіс бетке ие. Алабы барлық ені бойынша тек қана 3-4м-ге суға толып, эрозиялық кесек тереңдігі 0,5-1м аспайды. Арнасы құмды-гравилі шөгінділерден құралған. Жазда өзен барлық ұзындығы бойынша кеуіп, қатты терең бөліктерінде жеке тұтас қара су сақталып қалады. БМҰТП аумағында ағыны біртіндеп ен төменгі сабағыда сақталады.
     Аты жоқ өзен (Шетеспеден солтүстікке қарай) бастауын Баянауыл тауларының солтүстік шығыс беткейінен алады. БМҰТП аумағында 600м биіктікте бұлақ суларының нәтижесінде қалыптасады. Өзен ұзындығы 6 км, сужиналым ауданы 14,9шаршы шақырым. Құяр салаларынан өзен суы айтарлықтай көбейеді. Орташа құламасы 1,3%. Өзен торабының шоғыры 0,53км/км2. Алап белгілерінің ауытқуы 200м. Негізгі ағын түзуші бөлігі таулы бөлікте, эрозиялы арнасы жер асты суларына дренизирлеуші әсер тигізеді, нәтижесінде жаз мезгілінде бұлақ басында ағын пайда болады.
     Тілеубұлақ өзені (қорғау зонасында орналасқан және ҚР 2005 жылдан №657 қаулысына сәйкес, ерекше құнды гидрологиялық объекттерге енеді) Баянауыл тауларының солтүстік және шығыс беткейінде қалыптасып, саздақ жазығында жоғалып кетеді. Бұлақтың ұзындығы 7км, су жиналым ауданы 6 шаршы шақырым. Өзеннің жалпы құламасы 125 км2. Орташа құламасы 17,9%. Эрозиялық қызметі жер асты суларына дренизирлеуші әсер береді., нәтижесінде жыл бойылық беткі және орта ағысты қамтамасыз етіп тұрады. Тереңдігі 400мм. Өзен алабы орта ағысында 1,5км дейін кеңіп, тегіс беткейлі болып келеді. Алап ені 0,1км дейін орта ағысында ұлғаяды. Арнасы жоғары ағыста 5-8м, орта ағыста 20-25м жетеді.
     Кенді өзені – Ащысу өзенінің саласы. Бастауын Баянауыл тауларының батыс және солтүстік-батыс беткейінен басталатын бес бұлақтын құйылу жерінен алады. Оның айтарлықтай мол сулы сол жақ саласы Аққарағай жотасының шығыс беткейінде және Жамбақ жотасының оңтүстік-батыс беткейінде қалыптасатын екі атауы жоқ бұлақтардан пайда болады. Өзеннің ұзындығы 46км, сужиналым ауданы 365 шаршы шақырым,. Өзеннің жалпы құламасы 250км, орташасы 5,4%, бастауында 6-7% өсееді. Арнасы барлық ұзындығы бойынша шамалы иректелген, ені 4-6м. Жазда өзен құрғап, орта және төменгі ағысында қара су бірігуі бақыланып, жоғары ағысында жазғы-күзгі кезеңде тұрақты ағын байқалып, жиегіне қарай азаяды.
     Рыбный ключ (Шорманның сазы) бұлағы Сабындыкөл көлінің негізгі сукөзі болып табылады. Бұлақ алабы Сабындыкөл су жиналымының 60% құрайды. Көлдің салалармен санағанда жалпы ұзындығы 31,3км, су жиналым ауданы 65,3км2, өзеннің жалпы құламасы 137м, орташа құламасы 11,4%. Рыбный ключ бұлағы бастауын Жалаңбас тауынан екі атауы жоқ құраушысы арқылы алады. Алаптағы су ағынның жалпы ұзындығы 40,9км, өзен торабының шоғырлығы 0,63км/кв. Сужиналым шегінде, әсіресе таулы бөлігінде шашыраңқы және жинақы бұлақтар мен можачиналар түрдегі сынықтық су көздері бар. Сужиналымының жазықтық бөлігіне келгенде бұлақ суының бір бөлігін жол бойы қалдырып, Сабындыкөл көліне толық жеткізбейді. Аңғары жоғары ағысында анық көрсетілген, беткейлері тік (20-26гр.) , қатысты биіктігі 100-200м. Аңғарының ені, бастауында 50-80м, құяр жерінде 200-300м.оң жақ жағалау (30гр) беткейі сол жақа (12-15гр.) қарағанда тік келген. Аңғары жоғары ағысында үздікті сызықтармен жабылған (ені 8-15м). Құяр жерінде аңғарының ені 100-150 м дейін жетеді. Барлық өзен бойы 2-2,5м құрайтын тар арна таралған. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 10-28 күн. Деңгейінің ауытқу амплитудасы жоғары ағыстарында 0,4-0,8м, орта ағысында 0,3-0,5м , құяр сағасында 0,2-0,3м. Су тасу кезеңінің ұзақтығы 5-10күн, орта есеппен шілденің ортасына дейін сақталады. Су шығыны 13км, бастауынан жылдың сулылығына байланысты өзгереді. Бұлақ суы тұщы. Құрамы гидрокарбонатты кальцийлі.

 

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу