Достық үйі

     2008 жылғы қазанда Павлодарда Павлодар облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясының қалыптасқан этномәдени орталықтарының көптен күткен Достық үйі ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. «Біз үшін достық – бос сөз емес» - деді ол бұл күні. – Біз көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Тек Павлодар облысында ғана жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің елде мектептер көптеген тілдерді, БАҚ – он бір, театрлар – алты тілде жұмыс істейді. Бізде 4500 ұлттық-мәдени орталықтар бар. Осының барлығы, бірігіп, Конституцияда Қазақстан халқы деп аталатын күшті құрайды».
     «Алда – қызықты өмір...» Мұндай достық сарайы сияқты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының жұмысы үшін ғана салынған Достық үйі еліміздің басқа қалаларында жоқ. Ашылу күні Н.Ә. Назарбаев мәжіліс-залында этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Бүгін мұнда он тоғыз орталығымен Павлодар облысының Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, ассамблеяның жастар қанаты, ұлттық жаңғырту мектебі, «Қазақ тiлi» қоғамдық бірлестігі, «Ана тiлi» облыстық мемлекеттік тілге үйрету орталығы орналасқан. бұл аталған барлық құрылымдардың жұмысы өзара байланысты.
     Сарайдың бірінші қабаты толығымен әкімшілік. Мұнда 120 орындық мәжіліс-залы мен 300 орынға концерт залы орналасқан. Сонымен қатар, Достық үйінде екі компьютер сыныптары, 80 орынға дәмхана мен дайындық залы бар. Павлодар облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының әрбір орталығын көрсететін ұлттық әдебиет пен мұражай кітапханасын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    Әрбір ұлттық орталықтың өз кеңсесі бар. Ассамблеяның жастар қанатының да өз кеңсесі бар. Ұлттық жаңғыру мектебінде 600-ге жуық бала оқиды. Өз жұмысын жоспарлауға шығармашылықпен қарай отырып, бұл бөлімдердің мамандары Достық үйінің үйлестіруші түйіні болады. Сондықтан алда Достық үйінде қызықты және жарқын оқиғаларға толы өмір.
    Біз болашаққа жауаптымыз. Достық үйінің ашылуымен Павлодар облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының өмірінде шығармашылық жоспарда көптеген жаңалықтар пайда болды: жаңа жобалар, ұжым жұмысының нысандары мен қызықты ойлар. Достық үйіне көшкеннен кейін этномәдени орталықтар облыс тілдерді дамыту басқармасымен белсенді қызмет атқара бастады. Мұнда әрбір диаспора мен этномәдени орталықтардың мәдениет, тіл, салттар мен дәстүрлер саласында өз мүмкіндіктерін іске асыруға барлық жағдайлар жасалған.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу