"Ақыртас" сарай кешені -ХІІІ-ІХ-ғасыр.

Қазіргі кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы археологая және этнография институтының басқаруымен кешен аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы кезде республикалық "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында мұражай кешенін құру жоспарлануда. Археологиялык зерттеудің сояғы нәтижелерінің деректері бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлық қала Кафибаспен байланыстыруға болады. Көптеген ғалымдардың пайымдаулары бойынша Ақыртас араб қолбасшысы Күтейбтің бұйрығы бойынша соғылған. Туристердің туйсігін құрылыстың алыптығы, кеңдігі, құрылысқа тастарды пайдалану шеберлігі таң қалдырады. Сарай кешенінің іргетасы 4 метр тереңдікте қаланған. Аңыздың кейбір түрлері құрылыстың мақсатын түсіндіріп, оның аяқталмай қалу себептерін айтады. Оның көлемінің алыптығына байланысты оны ежелгі египеттік пирамидалармен Салыстырады. Ақыртас құрылысынын толық аяқталмауына бір кездегі қуатты Тараз каласының күйреуі, шет жерліктердің жиі шабуылы мен өзара соғыстың әсеретті деген болжам бар.
Пікірлер