Ағыбай батыр ескертіші

Шұбыртпалы Ағыбай (1802-85ж.т.), қолбасшы, Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған көтерілістің жетекшісі болған. Жорықтағы сәттілігі үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Жауынгерлер Абылай атымен Ағыбай атын да қоса айқайлап, ұран қылған. 1824 жылы Ағыбай батыр Қарқаралы аумағындағы Ресейдің басқыншылық саясатына қарсы көтеріліске шыққан. 1826-49 жылдары Қарқаралы, Ақтау, Ақмола-әскери бекіністеріне шабуыл жасаған. Қырғыз манапы Орманға қарсы ұрыста ерекше көзге түскен. Сарыарқа мен Бетпақ даланың түйіскен жеріндегі Тайатқан Шұнақ деген жерге жерленген Ағыбай батырға ескерткіш орнатылған. Ағыбай батырдың өмір жолы мен ерлігі қазақ тарихшылары мен жазушылары шығармаларының басты тақырыбына айналған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» эпикалық поэмасы жарыққа шықты. Ағыбай батыр І.Есенберлиннің «Хан Кене» романында, Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» эпикалық аңызында басты кейіпкер болып бейнеленген. 1992 жылы Айыртау-Сопыда республикалық көлемде Батырдың 190 жылдығына арналған мерейтойына байланысты үлкен іс-шара өтті. Облыс жұртшылығы 2002 жылы Батырдың 200-жылдығын кеңінен атап өтті, 2007 жылы Балқаш қаласында батырға ескерткіш орнатылған.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу