Беғазы қорымы

Виртуальный тур

АН ҚазКСР тарих, археология және этнография институтының археология бөлімінің мұрағатында құжаттар сақталған.


Беғазы қорымында қазба жұмысын жүргізу барысында, кешенде алты түрлі құрылыс бар екендігі анықталды. Беғазы тас қабірінде кіреберіс бөлме, үстіңгі айналма галерея, плиталардың біріккен жерінде тіреуіш бағаналары бар.
Кесене қалың қабырғалы, жарыққа қарай бағытталған, төрт бұрышты болып салынған. Кіре беріс жағы шығысқа қарайды.
Қазба жұмысы кезінде құмды ыдыстар табылған.


Құрылыс кезінде салмағы 3 тоннаға дейін жететін тікбұрышты қалыптағы гранит плиталар қолданылған. Плиталар тік қатарлы болып бір-біріне қиысып тығыз орналасқан. Плита өлшемі 2,5х0,8х0,13м-ден 3,8х1,2х0,18м-ге дейін. Жалпы биіктігі шамамен 4,0х4,5м.
Қола дәуірінің жоғары кезеңінде салынған ескерткіштер, жаңа Беғазы-Дәндібай мәдениетін жарыққа шығаруға көмектесті.

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу