Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің архитектуралық ғимараты көркемдігі және айбындылығымен таң қалдырады. Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді. Мешіт ғимараты мөлшері 48х48 метрді құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнаралар биіктігі – 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттің әшекейі Ташкент қаласында дайындалған 434 шамы бар – хрусталь “Зумрад” люстрасы. Мешіт Павлодар қаласының орталығында орналасқан және архитектуралық егер оған баспалдақ негіздерінен қарасақ, әлемге және жақсылыққа ашылған жүрекке ұқсайтынын аңғаруға болады.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

11.04.2012, 10:12
рамина
красивое место


Жіберу