Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік – шығыс бөлігін қамтиды және Өгем, Қаржантау, Боралдай, сонымен қатар, Талас Алатауының солтүстік батыс бөктерін алып жатыр. Ұлттық парктің территориясынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді. Парк территориясында 7 табиғат зонасы бар, шөлейттен бастап тау зонасына дейінгі, яғни онда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардң 300 түрі кездеседі. Парктің өсімдік әлемі өте ерекше. Мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі өседі. Ерекше атап өтетін жай қызыл кітапқа енген өсімдіктердің барлығы түрі жойылуға жақын немесе сирек кездесетін өсімдіктер болып табылады. Өте сирек кездесетін өсімдіктер – жабайы жүзім, Янчев қарақаты, бірнеше түрі бар Алберт ирисі. Батыс Тянь-Шань тауының басты ерекшелігі мұнда, мәдени өсімдіктердің жабайы түрлері-алма, алмұрт, жүзім, грек жаңғағы, пияз, қызғалдақ, қарақат өседі. Парктің жануар әлеміде әр түрлі болып келеді. Аю, қасқыр, тау ешкі және басқада жануарлар. Қаратау арқарлары көктемде Боралдай жотасының оңтүстік бөлігін мекендейді. Парктің ең сақ мекендеушісі қар барсын және түркістан сілеусінін сиректе болсын, бірақ кездестіруге болады. Өсімдік және жаунуарлар әлемі, релефтің әр-түрлілігі, өзендер, сарқырамалар, таудағы көлдер үлкен рекреациялық потенциалы бар қайталанбас тамаша ландшафты құрайды. Парк территориясында тарихи ескерткіштерді, петроглифтерді, ерте дәуірдегі қоныстардың іздерін көруге болады, оның мәдени ландшафтысы осы күнге дейін толық зерттеліп бітпеген, сондықтан саябақ өзінің зертеушілерін күтуде. Батыс Тянь-шань тауы – қайталанбас жабайы табиғат әлемі болып табылады. Биік тау шыңдары (Сайрам шыңы теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте), биік шыңдағы өзендер оның ішінде, Өгемнің маржаны – Мақпал көлі (2100 м), өзендер мен көлдерің мөлдір сулары, Қырыққыз жотасы, Грейга қызғалдағы мұның барлығы тамаша әсем табиғаттың бейнесін құрйды. Таулар бір милионнан астам тұрғыны бар осыншама үлкен территоряның «жасыл жүрегі болып табылады». Тау ормандары су ағымын реттеп, ауаны оттегімен және фитонцидтермен байытып отырады. Таудағы ормандар жаңбырдан болатын селедрден, қар көшкінінен және топырақ эрозиясынан қорғап тұрады. Тау ормандары

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу