«Иманғали» мешіті

 1999-2001 ж. 5 мамырда пайдалануға берілді.
Жалпы ауданы - 1328,3 шаршы метр.
Пайдалы көлемі - 1093,1 шаршы метр, 600 адамға арналған. 2 қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал, Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін таһарат алатын бөлмелер бар.
Мешіт қабырғасының биіктігі - 15 метр. Есік маңдайшаларының жоғарғы жағы батырлар дулығасы іспетті.
Мешіттің екі мұнарасы бар. Бас мұнарасының биіктігі - 20,7 метр.
Мінбердің биіктігі - 3 метр. Ол жоғарғы сапалы ағаштан жасалған.
Үлкен күмбездің диаметрі - 5 метр, қалған 6 кіші күмбездерінің диаметрлері - 1метр.
Мешіттің сыртында - 235,2 шаршы метр қосымша ғимарат бар. Онда имам және шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан. Бұдан да басқа ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана бар.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу