Теннис орталығы

           Ақтөбе қаласының Кірпішті ауылындағы Теннис орталығы 2007-2009 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған бағдарлама аясында салынған. Салынып жатқан Теннис орталығы «Олимпийский» спорт кешенің құрайтын бөлімі болады.
          Орталықтың басты мақсаты жоғары деңгейдегі спортшыларды әзірлеу, сондай-ақ тұрғын халық арасында теннисті насихаттау.
         Орталықтың құрамына 4 жабық, 6 ашық теннис корттары, 300 көрерменге арналған трибуна, 2 жаттығу залы және оқу-әдістемелік бөлмелері кіреді. Кешен инфрақұрылымында 150 автокөлікке арналған тұрақ, жаттықтырушылар құрамына арналған тұрғын үйлер, барлық қажетті қосымша ғимараттар қарастырылған. Орталықтың жалпы көлемі 3 гектар құрайды.
           Теннис орталығына келу «Ақтөбе-Ақжар» трассасымен ені 5 метрлік асфальтбетон жабындысы бар жол арқылы. 
           Инженерлік құрылғыларға қызмет көрсету үшін екі қақпа қарастырылған.
           Орталық сәнді, сәулетті көрінуі үшін аумақ 3 метрлік құлама-еңіспен екі жазық алаңға бөлінген. 
          Ашық теннис корттары жоғарғы алаңға орналастырылған. Сонда қоршалған аймақта сутартқыш мұнара, өртке қарсы су жинағыш, су сорғы қондырғылары орналастырылған.
           Төменгі алаңның ортасында 4 теннис корты бар ғимарат, оның сол жағында үш тұрғын үй, оң жағында жылыту қазандығы және трансформатор бекеті.
           Жоғарғы алаңға 3 саты арқылы көтеріледі, оның екеуінің ені 2,5 метрден және біреуінің ені 8 метр.
           Комплекстің барлық аумағы биіктігі 2,2 метрлік темір қоршаумен қоршалған.
           4 теннис корты мен 300 көрерменге арналған трибунасы бар ғимарат екі қатарлы, жертөлесіз, өлшемі 85,2х49,0 м. 
          Бірінші қатарда вестибюль-фойе, жарыс кезінде көрермендерге арналған сырт киім ілетін және күзетшілерге арналған орындар, мерзімдік басылымдарды сатуға арналған дүңгіршік, буфет, сауна, 4 корт орналасқан зал, шешінетін орын, спортшылардың демалуына арналған бөлме, қыздырыну залы, душ, санитарлық торабы бар жаттығу залы, төрешілер алқасының мәжіліс залы, жабдықтар бөлмесі орналасқан. Электр қалқаны да осы қатарда электр орналасқан.
          Екінші қатарда көрермендерге арналған трибуна, әкімшілік, жаттықтырушылар, массаж және медицина бөлмелері, негізгі қасбетінде үлкен жаттығу залы, душ, оқу және әдіскерлер бөлмесі, санитарлық торап, холл орналасқан.
          Жаттықтырушыларға арнап үш тұрғын үй салынған. Үйлер бір қатарлы, жертөлесіз, өлшемі 12,0х9,6 метр. Үйдің үш бөлмесі, асхана, санитарлық торап, кіреберіс, дәлізі бар.
          Теннис орталығының жұмыс регламенті екі аусымға есептелген. Бір мезетте (2 академиялық сағат) 80 оқушының жаттығуына есептелген. 
          2009 жылы мұнда үлкен теннистен Қазақстанның жазғы және қысқы чемпионаттарын өткізу жоспарланып отыр.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу