ОБЛЫСТЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІ

           Облысымызда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қаламызда тіркелген 15 ұлттық-мәдени орталықтар түрлі орындарды жалға алып, қызмет жасауда. Әр орталық жанындағы хореографиялық және хор ұжымдары, фольклорлық ансамбльдер қалалық және облыстық деңгейдегі шараларға белсене ат салысады. Әлеуметтік жобаны жүзеге асырудағы мақсат – ұлтаралық келісіміді нығайту, халықтар достығын нығайту және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Ақтөбе облысында тұрақтаушы төл ұлттық мәдениеті бар халықтардың тілін дамыту және олардың қайта өркендеуіне үлес қосу. Жобаны жүзеге асыруда ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері бір ғимарат астына бірігіп, қалалықтар мен жастар үшін мәдени-сауықтыру кешені болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қосалқы 100 жұмыс орны ашылып, мамандар тартылатын болады. Аталмыш жоба облыста өзіндік ерекшелігі бар, бірден-бір, қазіргі заман талабына сай жасақталған мекеме. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған тізімге енгізілген мәдени ошақтардың бірі. Достық Үйінің негізгі қызметі - Орталықтарға шығармашылық және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруда ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету. 
             Облыстық Достық Үйі 2008 жылы құрылды, үш қабатты және цокольдық қабаты бар ғимаратта орналасқан. Ғимаратта 300 орындық концерттік, салтанат, хореография және конференц-залдар, даярлық бөлмелері, музей, компьютерлік класс, ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілерінің жұмыс кабинеттері, сол сияқты цокольдық қабатта 200 орындық асхана және дыбыс жазу студиясы, гардероб орналасқан.

Сайт: www.odd-aktobe.kz

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу