Берікқара шатқалы

Өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу мақсатымен 1971 жылы Жуалы ауданында аудан орталығы Б.Момышулы ауылынан 30 шақырым жерде құрылды, ауданы 17,5 гектар. Табиғат қорығында Қызыл кітапқа енгізілген ағаш-бұта жэне шөптердің сирек тұқымдары кездеседі (жабайы алманың сирек кездесетін түрі, тарэндемикалық түр Берікқара терегі, Грейг қызғалдағы). Жануарлар әлемінен: қаратау арқары, үнді дикообразы, қабан, қосаяқ, қоян, сұр құр, қырғауыл, қасқыр, түлкі, жұмақ шыбын аулағышы және басқалары. Сонымен бірге оның қүрамына 5 табиғат шатқалы енеді: Саясу, Жұрынсай, Берікқара, Шымырбайсай, Ақсақалсай.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу